Тілдік нұсқа
Радио

мақала

НАМАЗ ОҚЫМАЙТЫН ДОСТАРЫМНАН АЛШАҚ ЖҮРУІМ КЕРЕК ПЕ?
27 қаңтар, 2017 жыл 653 Басып шығару нұсқасы

   Достық (садақат) пен шыншылдық (сыдқ) түбі бір ұғым. Екеуі де мұсылманның бойында табылуы керек жақсы қасиеттер. Жақсы дос – Алла тағаланың берген сыйы. Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірлік досы болды. Әбу Бәкірдің (р.а.) досына деген адалдығы оны иманы кәміл тұлға етті. Алла елшісі (с.ғ.с.) оның достығын: «Менің адамдардың ішінде достығы және мал-дүниесіне көп қарыздар кісі Әбу Бәкір. Егер Раббымнан басқаны дос етер болсам, міндетті түрде Әбу Бәкір досым болар еді. Алайда Ислам бауырластығы мен достығы бар...[1]»,-деп жоғары бағалаған.

Абдулла бин Омар (р.а.): «Мұсылман мұсылманның бауыры. Оған зұлымдық етпейді, қиыншылықта тастап кетпейді. Кімде-кім бауырының шаруасына көмектессе, Алла тағала оның ісінде жәрдемші. Кімде-кім мұсылманның уайым-қайғысын кетірсе, Алла тағала оның қияметтегі бір қайғысын сейілтеді. Кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, қияметте Алла тағала оның айыбын жасырады[2]»,-деген хадис риуаят еткен. Исламдағы бауырластық бір анадан туған бауырлар арасындағы байланыс сияқты. Сонымен қатар, мұсылмандық бауырластық достықпен бекиді. Мұсылман досы жақсы болсын, жаман болсын өзіне, мал-мүлкіне және ар-намысына құрметпен қарайды. Жаман досына жаман әдеттерден арылуына жәрдемдесумен жақсылық жасайды. Мұсылманның өз досына бұрыс істерін айтып, одан тиылуға шақыруы нағыз достық. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жәннаттық деп сүйіншілеген Осман бин Аффан, Зубайыр бин Аууам және Талха бин Убайдулла сынды сахабалар Әбу Бәкірдің достығы арқылы мұсылман болды. Сіз де жолдастарыңызға достық жасаңыз. Олардың жаман әдеттен арылып, жақсылыққа талпынуына себепкер болыңыз.

[1]Халифалар тарихы   

[2] Муслим, Әдәб, Тахрим зұлм 6521

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары