Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Азан айтылғанда иттер неге ұлиды?
30 қаңтар, 2017 жыл 4488 Басып шығару нұсқасы

Әбу Һурайра (р.а) риуаят еткендей:

إذا نودي للصلاة أدبر الشيطان، وله ضراط، حتى لا يسمع التأذين، فإذا قضى النداء أقبل، حتى إذا ثوب بالصلاة أدبر، حتى إذا قضى التثويب أقبل، حتى يخطر بين المرء ونفسه، يقولاذكر كذا، اذكر كذا، لما لم يكن يذكر حتى يظل الرجل لا يدري كم صلى

 «Азан оқылған жерден шайтан қашады. Азан айтылса шайтан азанды естімеу үшін жел шығарып қашады. Азан айтылып болған соң, қайтып келеді. Қамат (парыз намазға тұрудан бұрын айтылатын азанның үлгісі) айтылған уақытта, қайта қашады. Қамат айтылып болған соң қайтып келіп,  намаз оқып тұрған адам мен оның жанының арасына қыстырылып, оған қаншасыншы рәкәғатты оқып тұрғанын ұмыттыру үшін: «Ананы есіңе ал, мынаны есіңе ал», - дейді. Ұмытылған нәрселердің барлығын есіне салады» (Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті). Мешітте жамағаттың арасында бос орын қалдырмай, тығыз тырудың мәні осында жатыр.

Осы хадистен түйіндегеніміз шайтан азан дауысын естігенде қашады. Ал осы сәтте иттер оның жүгіріп бара жатқанын көрсе керек. Өйткені Алла елшісі (ﷺ): «Егер түнде иттердің үргенін және есектердің ақырғандарын естісеңіздер, олардан Аллаға сыйыныңыздар. Өйткені, олар сіздер көрмейтін нәрселерді көреді», - деген. Сондай-ақ, кейбір иттер жындардан болуы мүмкін. Иттің және қара мысықтың кейпіне ену жындардың әдеті. Хадисте айтылғандай: «Қара ит – ол шайтан». («Сахих Муслим», хадис 510, передал Абу Зарр)


 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары