Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Періштелер де қызығып қарайды
30 қаңтар, 2017 жыл 1117 Басып шығару нұсқасы

Сүйікті Пайғамбарымыз с.ғ.с Алланы жақсы көру туралы, дін туралы әңгімелесіп отырған жерлерге періштелердің де қызығып қарайтынын былай білдірген:

«Алла Тағаланың жер бетінде жүретін періштелері бар. Дін туралы әңгімелесіп отырған бір жамағатты көрген кезде достарын шақырып былай дейді:

- Келіңдер іздегеніміз мына жерде екен.

Барлығы келіп, мейіріммен оларды қоршап алады. Көптігі соншалық, көкке дейін жетеді. Құлдарының әрбір ісін білуші Алла Тағала олардан сұрайды:

- Құлдарым не істеп жатқан еді?

- Олар Саған шүкір, тәсбих айтып, зікір етіп жатқан еді.

- Менен не сұрап жатыр?

- Жаннатты сұрап жатыр.

- Олар жаннатымды көрген бе?

- Жоқ көрмеген.

- Егер көргенде не істейтін еді?

- Жаннатты көргенде одан да көп сұрайтын еді.

- Олар неден қашып жатыр?

- Тозақтың отынан.

- Тозақтың отын көрген бе?

- Жоқ көрмеген.

- Егер көргенде не істейтін еді?

- Егер оны көргенде, одан да қатты қорқатын еді.

- Ей періштелерім, сендер куә болыңдар, мен оларды кешірдім.

Періштелер:

- Олардың арасындағы біреуі, ілім үйрену немесе ғибадат ниетімен емес, басқа бір мәселемен келген еді, ол да кешіріле ме?

Алла Тағала былай дейді:

- Олар сондай бір жамағат, олармен отырған адам шақи (тозақтық)болмайды, жаһаннамға кірмейді.

Бұл сүйіншіге қауышу үшін, бірнеше адам жиналған кезде маңызды діни білімдер туралы сөйлесу керек. Мұндай мүмкіндікті ғанибет деп білу керек.

 

Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің бас имамы:

Асқар Мейрамбекұлы

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары