Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сәбидің сөйлеуі
30 қаңтар, 2017 жыл 457 Басып шығару нұсқасы

Хазіреті Пайғамбарымызға с.ғ.с  қарсы жаман сөздер айтатын бір әйел бар болатын, пайғамбарымызды ұнатпайтын. Бір күні бұл әйел бір ұл босанады. Баласы 2-3 айлық болған кезде баласын алып көшеде кетіп бара жатқанда пайғамбарымызға кездеседі. Әйел тағы да әдепсіздік жасауға дайындалады. Бірақ, одан бұрын құндақтағы сәби сөйлей бастайды. Ол пайғамбарымызға қарап,

– Ей, Алланың елшісі,  Ей, Абдулла ұлы Мұхаммед алейһиссалам, саған сәлем бердім,-дейді.

Әйел таңданып, сірейіп қалады. Пайғамбарымыз күлімсіреп, балаға:

– Ей, бала. Менің Алланың елшісі  екенімді қайдан білдің? Менің атым мен әкемнің атын саған кім үйретті?- деп сұрайды.

Сәби күліп:

– Маған бұларды әлемді жаратқан Алла Тағала үйретті. Ол қаласа,барлық нәрсені жаратады.

Сосын біраз тоқтап тұрып былай дейді:

– Йа, Алланың елшісі, Мен үшін дұға ет, жұмақта сізге қызмет етейін.

Пайғамбарымыз сәби үшін дұға етеді. Қуанған сәби былай дейді:

– Саған сенген және иман келтірген адам қандай бақытты. Саған қарсы келіп, күпірлік еткен адам қандай бақытсыз. Алла  оларды дүние мен ақыретте масқара етеді.

Сосын сәби шаһадат кәлимасын айтып, сол сәтте жан тапсырады. Мұны көрген әйел дереу сол жерде мұсылман болды. Пайғамбарымызға жылап, жалбарынады:

– Мені кешір, Алланың елшісі , босқа өткен күнәһар өміріме қатты өкінемін.

Пайғамбарымыз әйелге қарап:

– Сүйінші, қазір бірнеше періштенің саған кебінді жұмақтан әкелгенін көрдім,-деді.

Әйел бұл сөздерді естігеннен кейін баласы сияқты шаһадат кәлимасын айтып жан тапсырды.

Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің бас имамы:

Асқар Мейрамбекұлы

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары