Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әрбір мұсылман білуі тиіс 15 сөз
30 қаңтар, 2017 жыл 17087 Басып шығару нұсқасы

 

  1. «Биссмилләһ!» - «Алланың атымен бастаймын», осылайша әрбір ісімізді Алланың атымен бастаймыз.
  2.  «Әссәләму алейкум уә рахматуллахи уә баракатух» - «Алланың сәлемі, есендігі, тыныштығы мен рахметі болсын». Мұсылманның мұсылманға сәлем беруі.
  3. «Аллаһу Акбар» - «Алла Ұлық» - Алланың ұлықтығын ұлықтайтын жақсы жаңалық болғанда немесе жамандық, қиындыққа ұшыраған сәтте де, мұсылман қауымы осы бір сөзді айтады.
  4. «Субханналаһ» - «Алла кемшілік атаулыдан пәк». Жақсы жаңалық, ғажайыпқа тап болған сәтте айтылады.
  5. «Әлхамдулилләһ» - «Аллаға шүкір», «Аллаға мадақ». Берілген барлық ризық-несібенің Алла Тағаладан келгенін біліп, оған иман келтіру. Оның берген немесе бермеген нәселеріне ризашылық білдіру. 
  6.  «Ма ша Аллаһ» – «Алланың қалағаны болады» – Бұл сөз бір нәрсеге таң қалғанда, ісі оңынан болғанда, қуанғанда айтылады. 
  7. «Ин ша Аллаһ» – «Алла қаласа». Бір істі бастауға ниет еткенде, біреуге уәде бергенде, үміттенгенде айтылады.
  8. «Хәсбунәл-лаһу уә ниъмәл- уәкил». – «Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы Көмекші».  Қорыққан сәтте, көңілің алаң-елең болғанда, сәтсіздікке душар болғанда айтылады.
  9. «Әъузу бил-ләһи минәш- шайтанир ражим». «Қуылған шайтанның азғыруынан Аллаға сыйынамын» - деп күмән етіп жатқан ісінен тиылады.
  10. «Астағфируллаһ» – «Алладан кешірім тілеймін». Күнә жасап қойып тәубеге келгенде, Алладан кешірім тілегенде айтылады.
  11. «Аллаху Мустаан» - «Алланың көмегі жеткілікті». Шарасыз күй кешкенде айтылады.
  12. «Инна лилләхи уә инна иләйхи раджиун» - «Бәріміз бір Аллаға  тиесіліміз және түбінде Оған қайтамыз». Жақын адамыңды жоғалтқанда, бір кісі қайтыс болғанда айтылады.
  13. «Әмин» – «Дұғамызды қабыл ете гөр»
  14. «Баракаллаху фика» – «Алла Тағаланың разылығы болсын! » – рахмет айту ниетімен қолданылады.
  15. «Саллал-лаһу аләйһи уә сәлләм» – «Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын». Мұхаммед Пайғамбардың есімі жазылған, естіген кезде айтылады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары