Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шариғаттағы шақшаның үкімі
31 қаңтар, 2017 жыл 1903 Басып шығару нұсқасы

Тауықтың саңғырығын тастайтын уақыт келді

Мектеп қабырғасындағы өмір оқумен бірге алып ұшқан ақ көңіл достар мен қызықты сәттерімен есте қалады. Алайда, өкінішке қарай оқу жылдары тек жақсы жаңалығымен бірге, жаман әдетке де үйір қылады. Қазіргі таңда бір-біріне еліктеп, қоңырау арасында насыбай ату сәнге дейміз бе, әлде әдетке ме айналып үлгергелі қашан. Егде жастағылардан гөрі 15-25 жас аралығындағы жастар арасында жиі кездесетініне не дейсіз?! Жасыл шақшаның зияны айтылмай жүрген жоқ. Барынша одан келетін қауіп-қатерді жеткізуге бағып-қағуда БАҚ өкілдері.

Насыбайдың құрдымға ұшыратар құрамы

Шақшаның шаш етектен келетін зиянын осыдан 3 жыл бұрын шведтік ғалымдар анықтаған боалтын. Қазақстанда насыбайдың құрамын анықтай алатын зерттеу лабораториясы болмағандықтан, Қарағандының дүңгіршектерінің бірінен сатып алынып, Стокгольм қаласында зерттеуден өткен еді. Мамандар қазақстандық насыбайдың құрамынан өте көп мөлшердегі никотин, синель қышқылы, көмір және сірке қышқылдары, азот, эфир майы және өкпе ісігіне (рак) ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтердің барын анықтайды. Мысалы, никель – 5,1 есе, хром – 17 есе, қорғасын – 38 есе көп. Ең сорақысы онда тауықтың саңғырығы пайдаланылатынын айтсаңызшы?! Осы бір зиянды затты қолданушылар өздерін темекіні тастау үшін уақытша насыбай атып жүрміз деп алдайды. Алайда, екеуі де табак өнімі. Сондықтан бұл да адамды өзіне тәуелді етпей қоймайды.

5 түрлі ауруға әкеліп соғады

 Ал медициналық тәжірибе насыбайдың салдарынан душар болатын дерттерді былайша тізбектейді:

  • Ерін қатерлі ісік ауруы. Наркотик құрамындағы залал келтіретін заттар ерін терісіне тигендіктен, бірте-бірте ісік жиналап, айқпас дертке әкеліп соғады.
  • Бедеулік. Насыбай ерлердің ұрпақ бөлінуіне тежеп, кейін мүлдем тұқымсыз қадыратыны анықталған.
  •  Инфекция. Тауықтың саңғырығы әлбетте таза емес. Ондағ түрлі бактерялар адам денесіне беріліп бірқатар жұқпалы ауруларға тап қылады.
  • Тәуелділік. Насыбайдың дәмін бір-екі рет татып көргеннен кейін, адамда психологиялық тәуелділік басталады.
  • Улану. Насыбайды қолдану кезінде ішке кетіп қалса, уланып қалуыңыз мүмкін. Бегілері(құсық, жүрек айнуы, бас айналуы)

 

Шариғаттағы шақшаның үкімі

Деседе, кез-келген тәуелділіктен Аллаға деген тәуекелділік құтқара алатыны сөзсіз. Біз, бес күндік алдамшы өмірде өзімізді алдаудан шаршамаймыз. Бүгінн, ертең, кейін, бр қоярмын... Осылай ұзын-сонар сылтауларды тыюдың бір жолы – кәміл иман. Насыбай туралы шариғат тұрғысынан қарайтын болсақ,  «Алла елшісі барлық мас етуші және буын-буынды алып қоюшы заттардан тыйды». Білуімізше, насыбайды бірер минутқа болсын адамды есеңгіретін, көзінің алды қарауытады.  Сондай-ақ, Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (Аллаынң оған иглігі мен сәлемі болсын) хадистерін назарға ала отырып бекітілген мынадай фиқһ қағидалары бар: Біріншісі - «Әр зиянды нәрсенің үкімі – харамға байланған» екіншісі - «Жаманы мен жақсысы қатар тұрғанда, әуелі жаманынан құтылудың қамын ойлау». Енді, медицина, журналисті зерттеу және лаборатория зиян деп тапқан затты, зиянға шығармасқа ешқандай кедергі жоқ. Сондықтан да «Өз-өздеріңе зиян келтірмеңдер».

  1. Ибн Ғабидин: Раддул Мухтар – 10/43 бет.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары