Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ХАЗРЕТІ ПАЙҒАМБАРДЫҢ (ﷺ) ТҮР-КЕЛБЕТІ ҚАНДАЙ БОЛДЫ?
30 қыркүйек, 2019 жыл 909 Басып шығару нұсқасы

Хазреті Пайғамбар (ﷺ)  былай деген:

«Алла жіберген бүкіл пайғамбарларына әдемі дауыс пен әдемі келбет берген. Сендердің пайғамбарларыңды да әдемі дауысты және әдемі келбетті етіп жіберген» [1].

Қадірменді сахабалардың риуаяттарына қарағанда ардақты Пайғамбарымыздың һилясы (Алла елшісінің жаратылысы мен ахлағын түсіндіретін шығармалар) мынадай еді:

Хазреті Пайғамбардың бойы, дене мүшелері мен бітімі бір-біріне өте жарасымды. Ұзынға жақын орта бойлы болатын. Бірақ халықтың арасында барлық адамдардан ұзын көрінетін. Маңдайы ашық, кең, қастары жаңа туған ай секілді және бір-біріне жақын, бірақ қатулы емес. Кірпіктері ұзын әрі қара. Көздері үлкенірек,қарашығы қап-қара, ағы аппақ болатын. Көздерінде ежелден құдірет қолымен жағылғандай сүрме бар еді.

Терлеген кезде тері нұрлы жүзінен маржан моншақтарындай төгілетін және хош иіс шығатын-ды. Қыр мұрынды, дөңгелек келбетті, жүзі сопақтау келген және мойыны ұзындау. Тістері тізілген маржандай.Сөйлегенде алдыңғы тістері жылтырап тұратын [2].

Кең иықты, жуан балтырлы, ұзын қолды және саусақтары қалың еді. Алып денелі, сүйегі ірі. Екі жауырынының арасында пайғамбарлық мөрі бар болатын. Бұл мөр көгершіннің жұмыртқасының үлкендігіндей, түсі қызыл, жұмыр болып келген.

Шашы бұйра да емес, түп-түзу де емес. Сақалын бір тұтамнан артық өсірмейтін.

Кіндігі кесіліп және сүннетті болып туылған еді.

Пайғамбарымыздың жүзіндегі ұлылық белгісі бүкіл асхаб кирам мен Оны көрген басқа адамдарға үлкен әсер қалдыратын.Ол адамзат атаулысының ең әдемісі ең нұрлысы еді. Оны сипаттағандар «көркіне көз тоймас» деп айтатын [3].

Жәбир (р.а): «Айдың толық кезі  мен бұлтсыз түні бір рет Пайғамбарымыздың мүбәрак жүзіне, бір рет айға қарадым. Пайғамбарымыздың көркі айдан да тамаша еді» – дейді [4].  

 1. Ибн Сағд, Табақат, І,376.

2. Мүслимм,Фәзәил, 109/2344; Термези, Әбу Иса Мұхаммед, «әш-Шәмәилүл Мұхаммедия» Мұхаммед Акиф әз-Зәби, Жидда, 1983, 22-24.

3. А.б. Ханбәл,ІІІ,25,28.

4. Дәріми, Мұқаддима, І,30.

 

 

e-islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары