Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ШІРКЕУГЕ КІРУГЕ БОЛАДЫ МА?
24 сәуір, 2019 жыл 432 Басып шығару нұсқасы

Шариғатымыз мұсылмандардың шіркеуге кіруіне тыйым салмайды. Бірақ, үнемі кіріп тұрғаны дұрыс емес. Белгілі бір себеппен болса бір басқа. Мәселен, дінтанушы, мәдениеттанушы және сәулетші сияқты мамандардың ғылыми зерттеу үшін бас сұғуы. Сондай-ақ, шіркеуге кіруге тыйым салынған деген де көзқарас бар. Оған себеп – шіркеу қабырғаларына салынған суреттер мен ілінген иконалар. Тіпті, сурет ілінген кез келген үйге кіру дұрыс емес деп те айтылады. Алайда, Ибн Қудама өзінің кітабында: «Суреті бар үйге кіру харам емес...[1]»,-десе, имам Малик те: «Суреті бар үйге кіру харам емес, бірақ мәкрүк танзих», – деп айтқан сөздері тағы бар. Сондықтан, дініне залалы тимейтін болса, мұсылмандарға шіркеуге кіруіне болады. Тіпті, шіркеуді мешітке айналдыруға да болады. Тек, қабырғаларындағы суреттерді сырлап, айшығын алып тастау керек. Қазіргі таңда көптеген шіркеулер мешіт боп қайта жабдықталып жатқанына баршамыз куәміз. Ал, енді шіркеуге кіруге болатындығына бір қатар дереккөз келтіре кетейік. Халифа Омар бин Хаттаб (р.а.) кітап иелеріне жолаушылап бара жатқан мұсылмандар кіріп, түнеу үшін шіркеулерін кеңейтуді шарт еткен. Ибн Ғаиз риуаятында: «Хазірет Омар (р.а.) Шам өлкесі келгенде, насаралар дастархан жайып, оны қонаққа шақырады. Халифа: «Қонақасы қайда?» –дегенде, олар шіркеуде екенін айтады. Өзі бармайтындығын айтып, Әлиге (р.а.) адамдармен бірге түстеніп келуді бұйырады. Әли (р.а.) адамдарды бастап барып тамақтанады. Міне, бұл бейнелер мен суреттер болса да шіркеуге кірудің тыйым емес екендігін көрсетеді. Сөз соңында айтарымыз, шіркеуге жай тамашалау үшін кірген күннің өзінде дінімізге жат әрекеттерден қатаң түрде сақ болу қажет. Мәселен, шырақ жағып қою, бейнелерге бас ию, икона мен басқа да діни атрибуттарға құрмет көрсету сияқты амалдардан  алыс болу керек. Ал, Омар бин Хаттабтың (р.а.): «Насаралардың діни мерекесінде шіркеуге кірмеңдер, өйткені ол жерге ашу мен ғазап түсіп тұрады[2]»,деген ескертпесі болғандықтан, діни мерекелерінде кіру қатаң тиым етіледі. Сол секілді, барлық мәзһаб ғалымдары мұсылман рұқсатымен  кәпірлердің де мешітке кіруіне болады деп бірауыздан айтқан. Харам мешітінен басқа барлық мешітке кіруге рұқсат. Сахаба Сумамат бин Асал (р.а.) әлі иман келтірмей тұрып, тұтқын боп қолға түскенде оны мешіт ішіне байлап қойғаны туралы тарих кітаптарында айтылған. [3]

[1] Әл-Мұғни [2] Байһақи [3] Әл-Фиқһ Уадих, 1-том, 370-бет

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары