Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сіз солақай болсаңыз...
03 ақпан, 2017 жыл 382 Басып шығару нұсқасы

Солақайлық намаз оқуға және басқа да құлшылық жасауға тиым салмайды. Алайда, оң және сол қолды қолдану әдебі бар. Осы тақырыпты кеңірек айтып көрейік. Құран Кәрімде «(Амал дәптері) оң жағынан берілетіндер, қандай жақсы оңшылдар[1]»деп жәннаттықтарды және «(Амал дәптері) сол жағынан берілетіндер, қандай жаман солшылдар[2]» тозақиларды айтқаны мәлім. Сондай-ақ, барлық жақсы істі оң жағынан бастау – сүннет. Сондай-ақ, дәрет алу, ас-су ішіп-жеуде, киім киюде, заты алып-беруде оң қолмен болуы сүннет. Ал, сол қол тазалану үшін қолданады. Омар бин Әбу Сәләмә (р.а.): «Мен Алла елшісі үйіндегі бала едім. Қолымды табақ ішінде олай-бұлай сала беретін едім. Пайғамбар (с.ғ.с.) маған: «Балам! Алла атын айтып, оң қолыңмен және өз алдыңнан бастап тамақтан»,– деп айтты»,– дейді. Имам Науаи аталмыш хадисті: «Хадистегі бұйрық түрінде айтылған сөз барлығына (Алла атымен бастау, оң қолмен жеу және өз алдынан тамақтануға) қатысты болғандықтан оң қолмен тамақтану міндет...»,-деп түсіндірген. Оң қолмен тамақтану қажет екендігі және сол қолмен ас-су ішіп-жеуге тиым екендігін мына хадис айтылған. Сәләмә бин Әукағ (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбар (с.ғ.с.) сол қолымен тамақтанып отырған кісі көріп: «Оң қолыңмен тамақтан»,– дейді. Ол: «Шамам келмейді»,– дейді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бұдан былай шамам келмейді,– дейді[3]». Бұл кісі кейіннен оң қолын көтере алмай қалған деген дерек бар. Ибн Омар, Жәбир және Айша анамыздан (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Кімде-кім сол қолмен тамақтанса, онымен бірге шайтан тамақтанады[4]»,– деп айтылған. Таиби бұл хадисті: «Шайтан сол қолымен жейді» деген сөз оған адам ішіндегі достары көмектеседі. Сол қолмен тамақтанған адам шайтанның досы»,– деп түсіндірсе, Құртуби бұл хадисті: «Сол қолмен тамақтанушы шайтан әрекетіне жатады»,– деп тарқатқан. Имам Науаи: «Бұл хадистер тамақтану және сусын ішу оң қолмен болуы сүннет, ал сол қолмен жасау мәкрук. Сондай-ақ, алыс-беріс те оң қолмен болған дұрыс. Тек, науқастық пен жарақат сияқты үзірлі себеп болса ғана рұқсат»,-деген. Ибн Араби «Сол қолмен тамақтану күнә» деп, сөзіне дәлел ретінде шайтанға тиесілі етілген әрбір іс-қимыл харам», – деп айтқан. Сөз соңында, барлық істі оң жақтан және оң қолмен істеуді үйренуді бастаңыз. Алла тағала жар болсын!

[1] Уақиға сүресі, 8-аят [2] Уақиға сүресі, 9-аят [3] Мүслим [4] Мүслим, Ахмед

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары