Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қыз бен жігіттің интернет арқылы танысуы дұрыс па?
04 ақпан, 2017 жыл 3000 Басып шығару нұсқасы

             Қазіргі таңда қоғамда, әсіресе, жастар арасында әлеуметтік желі пайдаланушылары өте көп. Әрине, әлеуметтік желінің жұмысымызды жеңілдетіп, ақпарат алмасуға, белгілі бір жайттарды талқылап-сараптауға, көмек сұрауға келгенде тигізер пайдасы бар. Әріптестер жұмыс бабымен студенттер оқуға қатысты өзарасында қажетті құжаттар мен материалдарды жылдам жөнелтуде таптырмайтын құрал. Сонымен бірге, әлеуметтік желінің зияны да баршылық. Көп кездесетін жайт – бөгде еркек мен әйелдің танысу және сөйлесу үшін пайдалануы. Бейәдеп суреттерін жеке парақшаларына салуы. Мұның залалы өте көп. Осындай хат және сурет алмасу салдарынан көптеген неке бұзылып, отбасылардың ойраны шығуда. Сондықтан әлеуметтік желіні әдеппен қолдану қажет. Әлеуметтік желі арқылы тілдесулерде де бетпе-бет кездесулердегідей белгілі талаптар сақталуы керек.          

   1.Зәрулік жағдайында рұқсат етілетіндей тек қажетті сұрақтармен шектелу. Мәселен, сауда-саттық жасау кезіндегі сөйлесу сияқты.          

   2.Сөйлесу барысында аса салмақтылық, ой тазалығымен бірге әзіл-қалжың аралас бос сөздер болмауы керек. Сөздерді қолдануда әдеп шеңберінен асып кетпеу. Құран Кәрімдегі: «... қылымсып сөйлемеңдер. Онда жүрегінде дерті бар әлдекім дәмеленеді. Әдеттегі сөзді сөйлеңдер[1]» , - деген аят тілдесуге емес, қылымсып сөйлеуге тиым етіп тұр;        

  3.Сөйлесушілер бір-бірінің ар-намысын құрмет ету. Бейәдеп және ашық суреттерді салмау. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Шын мәнінде шайтан адамның қан тамырымен жүреді[2]»,-деген.

[1] Ахзап сүресі, 32-аят

[2] Бұхари

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары