Тілдік нұсқа
Радио

мақала

АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫНА СЕНУ ШИРК ПА?
04 ақпан, 2017 жыл 326 Басып шығару нұсқасы

 Зайд бин Халид Жуһани (р.а.) әңгімелейді: «Худайбияда таңертең Алла елшісі (ﷺ) имам болып,  намаз оқыдық. Түнде жаңбыр жауған болатын. Пайғамбарымыз (ﷺ) намаздан соң адамдарға бұрылып: «Раббыларың не дегенін білесіңдер ме?»– деді. Адамдар: «Алла және Оның елшісі жақсырақ біледі»,–деді. Расулалла (ﷺ) : «Құлдарым бірі иман етіп, бірі күпірлік етіп таң атырды. Кімде-кім Алла тағаланың кеңшілігі және рақыметімен жаңбыр жауды десе, Маған иман етіп, жұлдыздарды мойындамағаны. Ал, кімде-кім: пәлен және түгел жұлдыз себепті жаңбыр жауды десе,  Мені мойындамай, жұлдызға сеніп таң атырғаны»,– деді. Жаһилиет дәуірінде арабтар батыс жақтан аққан жұлдыз немесе шығыстан туған жұлдыз жаңбыр алып келеді деген түсінік болған. Ауа райының құбылуы осы құбылыстар себепті деп сенді. Ислам діні келіп, адамның иманын барлық жағынан Алла тағалаға бекем байлады. Мұсылманға барлық құбылыстың жалғыз Жаратушысы және себептерді жасаушы тек Алла тағала екенін үйретті. Жоғарыдағы хадисте: «...Құлдарым бірі иман етіп, бірі күпірлік етіп таң атырды...» сөздің мағынасы мұсылман және кәпір емес, Алла тағала нығметін мойындап, бірі мойындамайды дегенді білдіреді. Әйтпесе, сахабалардың біразы сол жерде кәпір болды деген мағынада емес. Осы хадисті имам Науауи былай түсіндіреді: «Дұрыс сенімде бола тұра осылай айтудың мәкруһ (жағымсыз) екендігі жайлы тартыс бар. Сырттай көрінісі мәкруһ, алайда бұл танзиһ мәкруһ. Күнәсі жоқ. Алайда, бұл сөзді айтқан адам жайлы жаман ой туындайды. Себебі, бұл жаһилиет кезіндегі адамдар және солардың ізімен жүргендердің нышаны».

Ауа райына байланысты ел аузында «жұлдыз жиі болса, қыста суық, жазда ыстық болады», ай шалқасына жатып туса «өзіне жайлы, шаруаға жайсыз» деп жаңбыр жаумайтынына, ал «қарлығаш жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады» деген сөздерді жиі кездестіреміз. Бұл құбылыстар жаңбыр жаудырады деп сенгендіктен емес, керісінше ғасырлар бойы табиғат құбылыстарын зерттей келе түйіндеген тәжірибе ғана. Ешбір сенім-нанымға байланысты емес. Мал және егін шаруашылығымен айналысқан халыққа ертеңгі күннің ауа райын білу аса маңызды. Қазіргі таңда заманауи әлемде де ауа райын болжау ерекше маңызды. Ауа райын болжау арқылы «табиғаттың тосын сыйынан» сақтануға болады. Қазіргі заманда метерологиялық орталықтарда заманауи құрал-жабдықтармен табиғат құбылыстарын зерттей отырып,  арнайы мамандар алдағы уақытта болатын ықтималдықты болжайды. Әрине, оның барлығы тек  Алла тағала қалауымен жүзеге асатындығы әмбеге аян.

[1]Мұхаммед Аууама, Мин сихах ахадис құдсия, 53-бет

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары