Қазіргі таңда қолдағы ақшаны көбіне үйде сақтау қолайсыз, есеп шот ашып, ақшаңызды сонда сақтау тиімдірек. Сондықтан, банктерде ағымдағы есеп шот ашу пайызсыз болғандықтан онда ақша сақтауға рұқсат етіледі[1]. Есеп шот аштырып, ақшаңызды аманат ретінде сақтауға арнайы мекемелерге тапсыруыңыз, Ислам фиқһ кітаптарында «әл-Уәдиға» атпен белгілі. Әл-Уәдиға деп, өзге кісіге өзіңіздің дүниеңізді аманат етіп сақтауға тапсыруды айтады[2].
[1] Проф. Доктор У.Зухайли, Фатауа Муғасыра, 132 бет. Даруль Фикр. Дамаск. [2] Әл-Маусули, Әл-Ихтияр – 2/471 бет.
Пікірлер