Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мұсылмандар осылай бәстесетін болған
07 ақпан, 2017 жыл 1783 Басып шығару нұсқасы

Шариғатта «егер менің айтқаным дұрыс болса, сен маған мынша ақша бересің, ал егер сенің айтқаның дұрыс болса, мен саған осынша ақша беремін» деп бір нәрсеге дүние тігіп бәстесу дұрыс емес.  Бұл жерде «ақша ұту немесе ұтылу ықтималдығы»[1] болғандықтан «құмар ойындарына» жатқызамыз[2]. Ал құмар ойыны Құранда харам етілген[3].  Алайда, бәсте: «Егер де, сенің айтқаның дұрыс шықса, мен саған мынанша ақша беремін. Ал, менің айтқаным дұрыс шықса сен маған ештеңе бермейсің», - деген сияқты  екі адамның бірі ақша тігіп, екіншісі тікпесе, бұл шариғатқа теріс емес.  Осыған байланысты ханафи ғалымдарының бірі Бурһануддин әл Бухари (хижри 616 д.оз.) өзінің «әл Мухитуль Бурһани филь фиқһин Нуғмани»  атты еңбегінде мынадай мысал келтіреді: «Екі фиқһ маманы арасында бір мәселе жайлы талас туындаса, «таластың шешімін табу үшін пәленше ұстазға жүгінейік. Егер берген жауабы сенің алға тартқан уәжіне сәйкес келсе, мен саған мынанша беремін. Ал, менің айтқаным тура келсе, мен сенен ештеңе алмаймын» деп өзара бәстесу рұқсат[4]».

[1] Кувейт, әл Маусуғатуль Фиқһия – 39 том /404 бет. [2] Имам Бурһануддин әл Бухари: әл Мухит – 5 том/323 бет. [3] Маида сүресі – 90 аят. [4] Имам Бурһануддин әл Бухари: әл Мухит – 5 том/325 бет.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары