Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ал сіз сақинаны қай саусаққа тағасыз?!
09 ақпан, 2017 жыл 1620 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыздан бұл жайында әртүрлі риуаяттар жеткен. Бірінде сақинаны сол қолына таққан десе тағы бірінде оң қолына таққан делінген. Осы хадистерді негізге ала отырып кейбір Ханафи мәзһабының ғалымдары: «сақинаны, ең дұрысы, сол қолдың шынашағына таққан абзал. Ал, оң қолға рафизилер (шииттер ағымының бірі) тағады» – деп топшылайды. Әйтсе де, Ханафи ғалымдарының арасында: «Алла Елшісінің сақинаны оң қолға да, сол қолға да таққандығы жайында әртүрлі хадис риуаят етілгендіктен, екі қолдың қайсысына тақса да бәрі бір. Оң қолға тағу дін бұзушылардың белгісі деу бекер сөз. Өйткені, Пайғамбарымыздан жеткен сахих хадистер бұны жоққа шығарады», – дейтіндер де жоқ емес. Ендеше сақинаны қай қолға тақсаңыз да, өз еркіңіз. Ал сақинаны қолдың қай саусағына тағу мәселесіне келер болсақ, Әбу Бурда ибн Әби Муса Ашғариден риуаят етілген Сахих Муслимдегі хадисте Әзіреті Али (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыз мына не мына саусақтарыма сақина тағуды тыйды», – деп ортаңғы саусағы мен сұқ саусағын көрсетті. Демек сақинаны осы екі саусақтан өзге саусақтарға таға беруге болады деген сөз.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары