Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жан тапсырар сәттегі хал
10 ақпан, 2017 жыл 1074 Басып шығару нұсқасы

      Жан тапсырғалы жатқан адамды оң бүйiрiне жатқызып жүзiн құбылаға бұру сүннет. Себебі хазреті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға келген кезде Барр ибн Маърур деген кісі жайлы сұрады. Сахабалар (р.а): «Ол дүниеден өтті. Малының үштен бірін саған беруді және жан тәсілім етерде жүзін қыбылаға қаратуды өсиет етті», - деп жауап берді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Онда ол исламды таңдапты. Малының үштен бірін баласына қайтардым», - деген. Маулана Низам «әл-Әламгирия» пәтуәларында да: «Жан тәсілім халіндегі кісі оң бүйіріне жатқызылып жүзі құбылаға қаратылады. Бұл сүннет амалы»,-делінген. «Әл Бахр ар-Раиқта»: «Жан тәсілім халіндегі кісі оң бүйіріне қыйсайтыңқырап жатқызылып жүзі құбылаға қаратылады. Себебі ол ғибрат етілген сүннәт. Оны орындау қиын болса, онда аяғын қыбылаға бағыттап, шалқалай жатқызып, басын көтерiңкiреп, жүзi құбылаға қаратылады»,-делінген. 

Жан тапсырайын деп жатқан адамға «Лә иләһә иллаллаһ” кәлимасын айту үшін қасында шәһада кәлимасын (куәлік сөзі) қайталап тұру – мұстахаб. Себебi, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Ибн Омар Әбу Хафс (р.а.) риуаят еткен хадис шаріпiнде: «Жан тапсырайын деп жатқан адамға «Лә иләһә иллаллаһ” кәлимасын айтып тұрыңдар. Өйткенi, өлiм халiндегi мұсылман «Лә иләһә иллаллаһ” десе тозақтан босатылатынына шүбә жоқ, - деген.

Бурһан ад-Дин әл-Марғинанидің «Һидаясында»: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жан тапсырайын деп жатқан адамға «Лә иләһә иллаллаһ» деп айтып тұрыңдар», - деген хадисіне қоса, шәһадат кәлимасын айт дейді.  Өлім халінде жатқан адамға қырылдап қалмай тұрып «Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммадар расулуллаһ», - деп кәлиманы жай дауыспен айтып тұру керек. Бiрақ, бұл сөзді айтқызу үшін зорламау керек. «Лә иләһә иллаллаһ” дегеннен соң дүнияуи сөз сөйлемесе, оған аталмыш кәлимәнi қайталатудың қажетi жоқ. Ал, егер кәлимәдан кейiн дүнияуи сөз сөйлеп қойса, онда кәлимәнi қайта айтуы үшін есіне салған жөн. Жан тапсырайын деп жатқан кісінің жанында бала-шағасы мен ең жақын адамдары және дос-жарандарының болуы – мұстахаб. Маулана Низам (р.а.) «әл-Аламгирия фәтуәларында» да: «Қасында тұрған кісілердің сырқатқа дұға етуі- мұстахаб», - делінген. «Әл-Бахр ар-Раиқта»: «Хайз (етеккір) немесе нифас (әйелдерде босанғаннан кейінгі) жағдайдағы әйелдер және жүніб, яғни ғұсыл құйынуы тиіс жандар жан тапсырайын деп жатқанда жанында болмағаны жөн. Қайта өлім халінде жатқан кісінің қасына хош иісті әтір қою – мұстахаб»,-деген. Өлім халінде жатқан кісінің қасында қасиеттi Құранның «Йәсин” – сүресiн оқу мұстахаб. Себебi, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Әбу Дәуд (р.а.) риуаят еткен хадис шаріпiнде:  «Ауырып өлiм халiнде жатқан адамның қасында Йәсин сүресi оқылса, ол шөлi қанған күйiнде жан тәсілім етеді, шөлі қанған күйінде қабiрге кiредi және қиямет күнiнде де шөлi қанған күйiнде қайта тiрiледi”,- деген. Әл-Аламгирия» және «Бахр ар-Раиқта»: «Йасин сүресін оқу мустахаб және оны жан тәсілім еткенше оқиды», - делінген.  Әбу Ханифа (р.а.) мазхһабы ғұламалары өлім халінде жатқан кісі жанында «Йасин» сүресін оқуды жөн санаған. Ал, қайтыс болған кісі жуылғанға дейін жанында Құран оқу мәкрүһ.  Жан тапсыратын адам Аллаһ тағала туралы жақсы ойда болуы керек. Өйткенi Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің имам әл-Бұхари, имам әл-Муслим (р.а.) риуаят еткен хадисте:  «Аллаһ тағала өзін жарылқайды және рақымына бөлейді»,- деп өлiм халiндегі кісі Аллаһ Тағала туралы тек жақсы ойда болулары керек”,– деген және құдси хадисте Аллаһ Тағала:  « Құлым мен жайлы қандай ойда болса, мен де сондай боламын”, – дейді.

Жан тапсырғалы жатқан адамның қасында отырған кiсi оны Алла тағала туралы жақсы ойға бағыттап отыруы – мұстахаб. Жан тапсырған соң мәйіттің көзiн жұмдыру және де оның көзін жұмдырып жатқан кісі: «Бисмилләһи уә ъалә милләти расулилләһ (с.ғ.с.)” деуі – сүннет.  Сахабаларының бірі Әбу Салама (р.а) қайтыс болғанда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) осылай айтқаны туралы риуаят етілген

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары