Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қабір басында өзіңді осылай ұста
11 ақпан, 2017 жыл 3153 Басып шығару нұсқасы

 Мұқағали Мақатаев айтқандай:

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға! Иә, шынымен жер басып мәңгі жүрмейтінімізді білсек те, біреудің басына келген өлім бізге де бір күн келетінін ұмыт қалдырып жатамыз. Сөйтіп жүргенде қамшының сабындай аз ғана ғұмырың өте шығады.

Бүгінгі күні өлім-жітім деген өте көп. Кәрісі де жасы да ажал құшып жатыр. Қазақ болғаннан кейін туған-туыс, таныс-тамыр көп. Екі күннің бірінде пәленшенің пәленшесі қайтыс болыпты деген суыт хабар естиміз. Жақын танысың болса, екі-үш күн қабырғамыз қайысар, танымасақ тіпті ойламаймыз. Құдай бетін аулақ қылсын дейміз де, өз жұмысымызбен жүре барамыз.

Өлім-өсиет деген пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сөзі бар емес пе?! Өлім жайында қабір басында, біреудің жаназасында көбірек ойланатынымыз анық. Жерлеу рәсімінде, қонақасында дүниеауи әңгіме айтып кететіндер де бар. Көңіл айта барғанда кімнің қалай жылап отырғанын аңдып, соны сөз қылып отыратындар да жоқ емес. Мәселе онда емес, өлім періштесі бізді де айналып өтпейтінін, біз де өлімнің ащы дәмін тататынымзды сезіну, түйсіну.

Әбу Хурайра (р.а) біреуді жерлеп жатып; «Барыңдар, біз де уақыты келгенде арттарыңнан ілесеміз», -деген екен. Бүгін бе, ертең бе барлығымыздың басымызға түсетін күн.

Қабірдің жанында тұрып, өсек-аяң айту астамшылық. Тіпті ойымызға да абай болғанымыз жөн. Адамға жаман ой алдымен тап болады ғой. Ана дүниеге аттанған адамның дүниеде жасаған жаманшылығы болса, соны ойлап тұрудың өзі өлімнің ғибратын түсінбегенімізде. Қабір басында дауыстап сөйлеу, күбірлеп әңгіме айту әдепсіздік. Хатыб әш-Ширбини (Алла оған разы болсын) «Муғни Мухтаж» кітабында: «Қайтыс болған адамды ақтық сапарға шығарып салғанда шуламаған абзал» десе, әл-Байхакий сахабалар (Алла оларға разы болсын) қабір жанында, шайқас кезінде және Зікір айтылғанда дауыс көтеріп сөйлеуді құп көрмегенін жеткізеді. Имам ән-Науауи өзінің «әл-Маджму» кітабында былай деп жазады: «Саляф ас-Салих қабір басында мүлдем сөйлемеген.Бұл өте дұрыс шешім еді».

Мұсылман қайда жүрсе де шариғаттың шеңберінен шықпай, айтылғанға құлақ салса, өзіне қайырлы болмақ. Қорыта келгенде мына фәни ақыреттік жемістерді егетін егін алқабы сияқты, баптап-дұрыстап ексең, яғни жақсы амалдарың болса, соған қарай несібеңді аласың.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары