Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла елшісі (ﷺ) шашын осылай күтетін
11 ақпан, 2017 жыл 871 Басып шығару нұсқасы

Шаш күтімі – бүгінде адам өміріндегі күнделікті маңызды тірліктердің бірі, ажырамас бөлшегі. Бірақ Алла елшісінің шаш күтіміне қатысты да сүннеті бар екенін білетін жан кемде-кем. Мұхаммед Пайғамбарымыз (ﷺ) өз үмбетіне: «Кімнің шашы болса оған күтім жасасын»-деп, оны жуып, тарауды және майлап тұруды меңзеген. Расулалла (ﷺ) зәйтүн майымен шашын майлап, жұқа жұмсақ материалмен орап отырған. Алла елшісі тек қана зәйтүн майын қолданбаған. Ол шашын шайған кезде балқарағай қылшасын да пайдаланған. Бұл туралы Каис бир Асимның Алла елшісіне Исламды қабылдау үшін келген оқиғасында да баяндалады. Сол кезде Пайғамбарымыз (ﷺ)  оған балқарағай қылшасымен жуынуды бұйырған екен. Қазіргі ғалымдардың зерттеулері бойынша балқарағай қылшасынан жасалған ұнтақ микробтардан, инфекциялық аурулардан қорғайтыны, қан тамырларын қатайтатыны, адам ішіндегі көптеген микробтарды өлтіретіні анықталды. Алла елшісі қолданған тағы бір зат жалбызтікен гүлі болған. Ол оны суға қосқан. Бұл өсімдіктің пайдалы майлары шаш түбін қоректендіреді. Сондай-ақ ақгүлді де шаш күтімі үшін қолданған. Айша анамыздың айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (ﷺ) қажылық немесе умра алдында шашын ақгүл қосқан сумен жуып, содан кейін аздаған зәйтүн майымен майлайтын болған.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары