Қарағанды 18:44 Екінті
  • 03:16 Таң
  • 05:13 Күн
  • 13:19 Бесін
  • 18:44 Екінті
  • 21:14 Шам
  • 23:11 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Салиқалы бала тәрбиелеудің 7 амалы бар

     Бала бойына ислам құндылықтарын, шариғат заңдарын, адамгершілік негіздерін сіңіру маңызды. Және бұл қазіргідей құбылма уақытта өте қиын. Баланы қоғамның жағымсыз ықпалынан қорғап, барынша дұрыс жолға бағыттау қажет. Төменде баланы неғұрлым мейірімді, қайырымды етіп тәрбиелеу жолдарын ұсынамыз:
 

Балаңызға есін білгеннен бастап Аллаға құлшылық қылудың маңызын түсіндіре бастаңыз. Себебі әр ата-ананың баласына ең бірінші үйретуі тиіс дүниесі осы болмақ.

Балаларға мейірімді болыңыз. Мейірім - мейірімділікке жол ашады. Егер сіз өз балаңызға мейірімділік танытсаңыз, бала да өзгелерге мейірімді болады.

Балаларыңызға мұсылмандар қатарынан шыққан тарихи тұлғалардың үлгісін үйретіңіз. Шетелдік заманауи ертегі кейіпкерлерінің орнына Алла елшісінің, оның сахабаларының өмір жолын таныстырыңыз. Ғибратты әңгімелер арқылы жақсы мен жаманды түсіндіріңіз.

Балалардың үлкендердің жанында отыруына рұқсат етіңіз. Әсіресе үлкендердің уағызын, салиқалы әңгімелерін баланың тыңдағаны абзал.

5. Балаға көп көңіл бөліңіз. Сіздің балаңыз үшін жасайтын үлкен ісіңіз – оларға барынша көңіл бөлу. Солайша бар мен жоқты, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны күнделікті тірлікте, бірге уақыт өткізген кездерде үйретесіз. Оларды бөгде адамдардың қоршауында қалдырмаңыз.

 Балаларыңызды мақтаңыз. Ата-ананың мақтауы оларды жақсы істерге жетелейді. Бірақ мақтаудың да өлшемі бар екенін ұмытпаңыз. Сол сияқты, әр ісінің дұрыс-бұрысын түсіндіріп отырыңыз.

Ең бастысы балаларыңыз үшін әрдайым дұға қылыңыз. Сіздің балаларыңыз үшін жасайтын дұғаңыз олар үшін ең үлкен қорған. Сондай-ақ олар сіздің қалай намаз оқитыныңызды, қалай зікір еткеніңізді көріп өссін. Сонда олардан тақуа адам өсіру оңайырақ болады. Намаздың құндылығы жөнінде жиі айтыңыз. Жасынан намазхан ата-анасын көріп, олардың мейірімін сезіп, адамгершілігін, қайырымдылығын танып өскен бала саналы түрде тәрбие алады.

 

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    17 шілде 2018 жыл «Әәмиин» сөзінің мағынасы қандай?
    Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде пікір білдірушілердің «әәмиин» сөзін дұрыс қолданбай жатқан жайы жиі байқалады. Осы жағдай күнәлі іске айналып, наразылық тудырмас үшін (өйткені, көп жағдайда «әәмиин» сөзі орынсыз қолданылады), осы мақала жазылып отыр.Мұның мақсаты - осы сөздің мағынасы мен оны қолдануды қажет ететін жағдайларды түсіндіріп беру.
    12 шілде 2018 жыл Қиыншылықтар қайдан келеді?
    Біздің өмірімізге қиыншылықтар қайдан және нендей мақсатпен келеді?
    12 шілде 2018 жыл Мінезді түзеудің 3 жолы
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика