1) Жақсылық жасаушылар: «Және жақсылық жасаңдар. Себебі Алла жақсылық жасаушыларды жақсы көреді» (әл-Бақара 2/195; Әли Имран 3/134, 148).
2) Тәубе етушілер: «Расында Алла тәубе етіп, тазарғандарды жақсы көреді» (әл-Бақара 2/222).
3) Тазаланушылар: «Расында Алла тазаланғандарды жақсы көреді» (әт-Тәуба 9/108).
4) Құдайдан қорқатындар: «... Алла Тағала құдайдан қорқатындарды жақсы көреді» (Әли Имран 3/76).
5) Сабырлылар: «Алла сабырлыларды жақсы көреді» (Әли Имран 3/146).
6) Үміттенушілер: «...Алла үміт үзбейтіндерді жақсы көреді» (Әли Имран 3/159).
7) Әділ адамдар: «Расында Алла алаламайтындарды жақсы көреді» (әл-Маида 5/42).
8) Алла елшісінің жолымен жүрушілер: «Айт: «Егер сендер Алла Тағаланы жақсы көрсеңдер, менің жолыммен жүріңдер, сонда Алла сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді. Алла – Кешіруші, Мейірімді» (Әли Имран 3/31).
Пікірлер