Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шәкәрімнің cіздерге қойған сауалы
22 шілде, 2019 жыл 459 Басып шығару нұсқасы

Қазақ қауымының ғана емес, жалпы адамзат баласының рухани қазынасы үшін өлмес өсиет қалдырған  Шәкәрім Құдайбердіұлы білімділерден бес түрлі сауалдың шешуін сұрайды. Ол «Айқап» журналына бес сауалын қойып оқырманға хат жолдайды. Жауабы дін кітабынан дәлел көрсетіліп, қысқа да, нұсқа, ойға қонымды болуын да міндеттейді.

Ол бас сауал мынау:
 

Алланың адамды жаратқандағы мақсұды не?

Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін?

Адамға өлген соң мейлі не жөнмен болсын рахат-бейнет (сауап-азап) бар ма?

Ең жақсы адам не қылған кісі?

Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма?

Қай түрлі жауап берсеңіз де, дәлеліңіз не?

Шәкәрім Құдайбердіұлы

(«Айқап». 1912. №5, 96-бет)

Ұлы философ бұл сауалдарды қоюының себебі осы сұрақтары арқылы көпшілікке ой салғысы келді деп ойлаймыз. Әрбір адамзат алдына осы аталған сұрақтарды қойып, шешімін іздеу арқылы Хақ Тағаланы таныса екен дегені болар. Себебі әркім өзіне мен «Қайдан келдім?» «Қайда барамын?» «Не үшін келдім?» , - деп өзі ой қорытпаса,  екі дүниенің сауабынан мақұрым қалып жүре беретіні анық. Дұрысы Аллаға аян!
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары