Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адам миы туралы таң қалдырар 25 факт
17 ақпан, 2017 жыл 2198 Басып шығару нұсқасы

Мұхаммед Пайғамбарға Қағбада құлшылық қылуға тыйым салған дінсіздердің бірі туралы Алла Тағала: «Жоқ! Егер ол тоқтамаса, Біз оны жалған, күнәлі маңдайынан аламыз»-деген (Құран 96:15-16).

Құранда неге адам басының алдыңғы бөлігі жалған және күнәлі деп сипатталған? Бастың алдыңғы бөлігі мен өтірікшілік, күнәһарлық арасында қандай байланыс бар? Бұл әзіргі бізге беймәлім. Адам бас сүйегінің алдыңғы бөлігінде мидың маңдай алды бөлігі орналасқан. Бір анығы барлық жаратылыс сияқты адам миының құрылысы мен қызметі Алланың құдыреті! Адам миы маңызды және ең аз зерттелген орган саналады. Ми – орталық жүйке жүйесі органы болып табылады. Ол жүйке жасушалары мен олардың өсінділерінен тұрады.

1.Жаңа нейрондық байланыстар мида сіз әркез бірдеңе еске сақтаған сайын құрылады.

2.Оянғаннан кейін ми энергия бөледі. Салыстырмалы түрде алсақ ол кішкентай шамның жұмысы үшін жеткілікті болады екен.

3. Мида 5 минут бойы оттек жетіспеуі орнына келмейтін зақымға әкеледі.

4.Ми 50 жасқа дейін дамиды.

5.Алкоголь ішкенде ми есте сақтау қабілетін уақытша жоғалтады.

6.Адамның қалған бүкіл өміріне қарағанда өмірге келген кезінде  жүйке жасушалары көп болады.

7.Мидың не сол, не оң бөлігі ғана жұмыс істемейді, олар әр кез бірлесе жұмыс істейді.

8.Аз ғана билікке ие болу  сезімі адам миының жұмысын өзгертетіні және оның аяушылық қабілетін азайтатыны ғылыми тұрғыдан дәлелденген.

9.Отбасындағы қаталдық бала миына, соғыстың солдат миына әсер еткеніндей әсер етеді.

10.Шоколад иісі тета-ритмнің өндірілуін белсендендіреді, ол өз кезегінде босаңсуға әкеледі.

11.Альберт Эйнштейннің денесін ашқан паталогоанатом оның миын ұрлап алып, формалин еретіндісінде 20 жылдай сақтаған.

12.Сенімділік қасиетін мидың білгілі бір бөлігін ынталандыру арқылы тудыруға болады.

13.Ұялы телефон арқылы ұзақ сөйлесу бас миында ісіктің пайда болу қатерін арттырады.

14.Бала миы ағзадағы глюкозаның  50%  пайдалана алады, сол себепті де балаларға көп ұйықтау қажет.

15.Ми денедегі оттек пен қанның  20% пайдаланады.

16.Сіз жаңа бір нәрсені таныған кезде ми құрылымы өзгереді.

17.Көптеген ми паразиттерінің ашылуына байланысты ғалымдар «зомби-апокалипсис» мүмкіндігін жоққа шығармайтын болды.

18.Ұяқының қанбауы миға айтарлықтай әсер етіп, талқылау қабілетін, реакция білдіруді төмендетеді.

19.Мидың жартысын жадыға әсер етпей-ақ хирургиялық жолмен жоюға болады.

20. 2015 жылы қуаттылығы жағынан төртінші суперкомпьютерге адам миының бір секундтағы белсенділігіне жету үшін 40 минут қажет болған.

21. Америкалық өнертапқыш Рэймонд Курцвейланың пікірі бойынша 2023 жылы жеке компьютерлер адам миының есептеу қуаттылығына жетеді.

22.Адам миы 100 млрд нейрон мен триллион глиальді жасушадан тұрады.

23.Біздің гендеріміздің жартысы мидың кешенді құрылымын суреттесе, екінші жартысы қалған 98% дененің құрылымын суреттейді.

24.Ғалымдар диета мидың өзін-өзі «жеуіне» әкеледі деп есептейді.

25.Ұмыту — бұл ми үшін жақсы: қажетсіз ақпараттың жойылуы жүйке жүйесіне көмектеседі.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары