Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбардың ﷺ бір ерекшелігі
22 шілде, 2019 жыл 871 Басып шығару нұсқасы

Абдулла Ибн Хамид келесі хадисті Джабир Ибн Абдулланың сөзінен жеткізген:  «Бірде Алла елшісі бірнеше күн аш қалады. Өз жұбайларының үйінен де тіске басар ештеңе табылмай қалады. Сол кезде ол қызы Фатимаға барып: О, менің жүрегімнің бөлшегі! Мен аштыққа кез келдім. Жейтін ешеңең жоқ па?»-дейді. Фатима да: «Алланың атымен ант етейін, ештеңе жоқ»-дейді.

Пайғамбар кеткеннен кейін Фатиманың көршілерінің бірі екі нан мен бір кесек ет алып келеді. Фатима бәрін тәрелкеге салып, бетін жауып, әкесіне беру үшін қойып қояды. Ұлдарының бірін әкесін шақырып келуге жұмсайды.

Пайғамбар Фатиманың үйіне қайтып келгенде қызы: «О, Алланың елшісі! Бізге аздап ас алып келді, мен оны сізге сақтап қойдым»-дейді. Алла елшісі: «маған әкелші, көрейін»-дейді. Фатима әкеліп берген тәрелкедегі нан мен етті көргенде ол Аллаға мадақ айтады. Алла елшісі Фатимадан тамақтың қайдан келгенін сұрағанда қызы «Бұл Алладан, Алла қалаған құлына өлшеусіз береді»-деп жауап береді. Пайғамбарымыз Аллаға тағыда мадақ айтады. Осыдан кейін Алла елшісі Фатиманың жлолдасын, балалары Хасан мен Хусейнді, сондай-ақ өзінің барлық жұбайын шақырып, сонымен бәрін тамақтандырған екен. Сол кезде әлгі тағамның тойымдылығы сондай көптей көрініпті.

Сонымен қатар, Алла елшісінің аз тамақпен көптеген жанды қалай ауқаттандырғаны жөнінде жеткен әңгімелер жеткілікті. Аз тамақпен көп адамды тойдыра білу Пайғамбарларға тән болған және Алланың өзінің таңдаулы құлдарына берген ерекше мейірімі саналған.

Қалыптасқан түсінік бойынша алып қарасақ, аз тамаққа көп адамның тойып қалуы мүмкін емес жағдай. Бірақ адамның сезім-санасы түрлі жағдайда болуы мүмкіндігін ескеру қажет. Пайғамбарлардың Алланың таңдаулы құлдары екенін, олардың бір уыс тағаммен көпшілікті тойдыра білуінің өзі Алланың берген қабілеті екенін ұмытпаған абзал.

Пайғамбарлардың өмір тарихында сәйкес келетін жағдайлар Пайғамбарлардың – Алланың таңдаулы құлдары екенін және Исламда көптеген ақиқат бар екенін дәлелдейді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары