Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Күнәдан арылудың ең тиімді 2 әдісі
17 ақпан, 2017 жыл 2893 Басып шығару нұсқасы

Алдымен осы мәселеге қатысты бірнеше хадистерді келтірейік.

«Алла Таға өзінің құлына рухани дәрежені белгілейді. Егер құлы өз істерімен осы дәрежеге жетпесе, Алла оған денсаулығымен, отбасымен немесе мүлкімен байланысты қиындықтарды жібереді. Және құлы белгіленген дәрежеге жетуі үшін оған сабыр береді» (Джамиус-Сагыр 1/377).

«Адамның басына қиындық түскенде, тіпті аяғына тікен кіргенде де Алла тағала оның дәрежесін міндетті түрде өсіреді. Және ол адам ағаштың жапырақтарын тастағаны сияқты күнәларынан тазарады» (Джамиус-Сагыр 1/1208).

«Егер Алла өзінің құлына жақсылық қаласа оған осы дүниеде жаза жібереді. Егер Алла құлына жамандық қаласа құлы Қиямет күнінде күнәсін арқалап келуі үшін оны бұл дүниеде жазаламайды» (Джамиус-Сагыр 1/1208).

Тәуба және истиғфар – Тозақ жолындағы ең үлкен екі кедергі.

Алла елшісі: «Күнәсіне өкініп тәубе еткен, оны жасамағанмен тең»-деген.

Истиғфар – күнәның кешірімін тілеу, әстағфируллаһ деп айту деген сөз. Әстағфируллаһ – "күнәмды кешіре гөр Аллаһым" дегенді білдіреді. Истиғфар ету күнәлардың кешіріміне себеп болатын жақсылықтар жасау деген сөз. Мәселен Құран кәрім оқу, садақа беру және басқа да жақсылықтар жасау да истиғфарға жатады. Тәубе - харам істегеннен кейін өкініп, Аллаһу та’аладан қорқу, енді қайталамауға шешім қабылдау.

Истиғфар дұғасы

Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи ла илаһа илла хууәл һайял қайюма уа әтубу иләйһ.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары