Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Досыңды исламға шақырудың жолдары
06 қаңтар, 2020 жыл 1097 Басып шығару нұсқасы

Әрқайсымыздың достарымыз бен таныстарымыз бар. Айналамызда әр түрлі адамдар. Бірі бізге жақын, бірі алыс. Солардың арасындағы ең жақыны біздің достарымыз. Олардың өзі де әртүрлі. Бірі бұрыннан құлшылық етіп жүрген болса, бірі әлі бұған келмеген де. Бұл адамдарды да Алла Тағала біздің жолымызға тегін кездестірмеген.

Ислам тек таңдаулы бір адамға ғана шектеулі сенім діні емес. Барша мұсылманға Ислам дінінің ғибратын тарату, дінге шақыру міндеті жүктелген. Ислам жолындағы әр адам, намазды енді бастағаны болсын, молла болсын бұл процесте маңызды рөл атқарады.

Ол үшін не істеу керек? Досыңызды қалай шошытып алмай дінге шақыруға, Ислам дінінің ғибратын, Алланың мейірімін, махаббатын көрсетуге болады?

Алдымен осыған шынайы ниет етіңіз. Шынайы мұсылманның кез-келген қолға алған ісі Алланың разылығын алу үшін басталады. Сонда ғана сіз бұл адамды Жаратушыға жақындатасыз. Бұл адамды бірден Исламға әкеліп, бәрін бірден үйретем демеңіз. Басшылық Алладан. Дұға қылып, шынайы ниетіңізді салып Исламмен біртіндеп таныстырыңыз. Дұға сенім келтірген адамның кез-келген жағдайдағы күшті қаруы. Алладан достарыңызды дұрыс жолға салуды, дінге мойын бұрғызуын, жүректеріне иман беруін сұраңаз. Өзге адам үшін сыртынан жасалған дұғада асқан мейірім бар.

Айтқаныңызды іс жүзінде дәлелдеңіз. Ауызбен айту, дінді насихаттау бір бөлек те, ол сөзіңізді іспен қуаттау екінші дүние. Себебі тілмен айтылған іспен дәлелденбесе оны өзгелердің қабылдай қоюы да қиын.

Жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Жылы, сыпайы қарым-қатынас пен жүзіңіздегі жылы күлкі адамдар арасында сүйіспеншілік, жақындық, сенім тудыратыны рас. Сондықтан да адамдарға күліп қарап, сыпайы, жақсы қарым-қатынаста болу сүннет болып табылады. Бұл да сізге өзгелерді жақындататын жол.

Бастамашы болыңыз. Ол адамға қарай алғашқы қадамды сіз жасаңыз. Жұма намазға шақырыңыз. Тәспі тартуды үйретіңіз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) күнделікті өмірдегі сүннеттерін біртіндеп айтып жүріңіз. Ол адамның қиындығын бөлісіңіз. Алла Тағаланың құдыретін көрсететін жағдайлардан мысал келтіріңіз. Ол кісіге кеңес беріп, қиындығын жеңілдетуге көмектесіңіз.

Исламның жеңілдігін көрсетіңіз. Күн сайын сапырылысқан тірлікті көреміз. Осындай қым-қуыт тірлікте дінді ұстану, сүннетті сақтау мүмкін емес деп ойлайтындар баршылық. Ал сіз Алламен байланыстың уақыт пен орынға қарамайтынын көрсетіңіз. Алланың бізге өзімізден жақын екенін жеткізіңіз. Ол бәрін Көруші, Білуші және Естуші.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары