Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бүкіл өміріңе азық болатын бес өсиет!!!
21 желтоқсан, 2020 жыл 1393 Басып шығару нұсқасы

Бүкіл өміріңе азық болатын бес өсиет!!!

Əбу Һурайра (оған Алла разы болсын) айтады: "Бір күні Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Кім менен мына сөздерді үйреніп оған амал етеді, немесе өзгеге үйретеді?" деді. Сонда мен: "Мен Алланың Елшісі" дедім (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын). Сол кезде ол менің қолымнан ұстап мына бес нәрсені үйретті:
1. Тыйым салынғаннан аулақ бол. Сонда сен адамдардың ішіндегі ең құлшылығы көп адам боласың. 
2. Барыңа қанағат ет. Сонда сен адамдардың ішіндегі ең байы боласың. 
3. Көршіңмен көркем қарым-қатынас жаса. Сонда сен иман келтірген мүмін боласың. 
4. Өзіңе жақсы көргенді өзгелерге де жасауды жақсы көр. Сонда сен Аллаға бой ұсынған мұсылмандардан боласың. 
5. Күлкіде шектен шықпа. Анығында бос күлкі жүректі өлтіреді". 
(Ахмад, Тирмизи)

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары