Тілдік нұсқа
Радио

мақала

wi fi иесінің рұқсатынсыз қолданудың үкімі қандай?
19 ақпан, 2017 жыл 135 Басып шығару нұсқасы

Сымсыз ғаламтор желісін белгілі бір мөлшерде қаражат жұмсап, аталмыш қызметті қостырған азамат қана қолдана алады. Қызметті қостырған азаматтың рұқсатынсыз өзге тұлғалардың қолдануы шариғи тұрғыдан дұрыс болмайды. Себебі өзге тұлғаның мүлкіне рұқсатсыз қол сұғуға болмайды. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: إِنَّهُ لَا يَحِلُّ مَالُ امْرِئٍ إِلَّا بِطِيبِ نَفْسٍ مِنْهُ «Кісінің малы ол (қолдануға) разылық көрсеткенде ғана адал болады» деген.[1] Желіге қосылғанда оның қызметіне әсер етпеген күннің өзінде иесінің рұқсатынсыз желіні пайдалануға болмайды. Айта кетерлік жайт желінің құпия сөздермен немесе сандармен қорғалмауы кез келген тұлға пайдалануына болады дегенді білдірмейді. Өйткені құпия сөзді немесе санды қызметті қолданушы ұмытып яки қателесіп қоймауы мүмкін. Шынайы тақуа, мұсылман кісінің мұндай істерден аулақ болғаны жөн. Сондай-ақ көпшілік жүретін жалпы орындардағы (әуежай, вокзал) сымсыз ғаламатор желілерін шариғи тұрғыдан қолдануға болады. Себебі жалпылай рұқсат берілген. Дұрысын Алла біледі.   [1] Хадисті риуаят еткен имам Ахмед ибн Ханбал (Алла оны рақымына бөлесін

http://fatua.kz/kz/post/view?id=808

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары