Тілдік нұсқа
Радио

мақала

АЛАҚАН ЖАЮШЫҒА БЕРІЛЕТІН 3 ЖАУАП!
16 сәуір, 2019 жыл 1248 Басып шығару нұсқасы

Дұғаға жауап берілмеу кейде өзінің жеке басына қатысты болса, бірі сұрап отырған тілегіне қатысты. Кісінің жеке басына қатыстысы күнәдан тыйылуы. Ал, дұға-тілекке қатыстысы – расында, адамды өзінен қарағанда Алла жақсырақ біледі. Адамның кейде сұраған тілегі сырт көзге пайдалы сияқты көрінгенімен, негізінде зиянды және пайдасыз болуы мүмкін. Сондықтан, өзіне не пайдалы екенін, ненің қажетті екенін түсіне бермейді. Сахаба Әбу Сағид әл-Худрий риуаят еткен хадисте Алла Елшісі (ﷺ): «Мұсылман баласы күнәлі емес және туысқандық қатынасты үзуге бағытталмаған бір дұға жасаса, Алла оған үш жауаптың бірін береді, олар: не дұға-тілегін лезде кешіктірмей қабыл етеді, не қиямет күнге сақтап қояды, немесе дұға-тілегіне тең келетін жамандықты қайтарады», – дейді. Сонда мұны естіген сахабалар: «Ондай болса, дұғаны көптен-көп жасайық», – дейді. Алла Елшісі (ﷺ) де: «Алла одан да көп береді (яғни, жомарт)», – дейді».

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары