Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мәйіті жуылмай жерленетіндер кімдер?
20 ақпан, 2017 жыл 6542 Басып шығару нұсқасы

Мәйітті жуудың мынадай үкімдері бар:

1.  Мәйiт мұсылман болуы ләзім.

2. Өлi туған болмауы тиіс.

3. Мәйiт денесiнiң жартысынан немесе басымен бiрге жартысынан көбi яки басымен бiрге жарты денесi болуы қажет.

4. Мәйiт шәһид (Аллаһ жолында қаза тапқан адам) болмауы керек.

Өйткенi хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ухұд маңындағы соғыста қаза тапқан шәһидтерді:

قال : النبي صلي الله تعالى عليه و سلم : " أدفنوهم في دماءهم يعني يوم أحد و لم يغسله".

“Оларды денелерiндегi қандарымен бiрге (жумай) жерлеңдер”, - деген. Яғни Ухуд соғысында қаза тапқандар жуылмады. Су жоқ жерде немесе жуу үзірлі жағдайда (мысалы мәйiт жанып кетсе, немесе үстіне су құйғанда ыдырап тұрса) мәйiтке тәйаммум (сусыз жерде таза жерге не топыраққа қол соғып алатын дәрет) жасау – жуу деп есептеледі. Мәйiтке су құйғанда терiсi ыдырамаса, тайаммум жасалмайды. Ал мәйіт таяммум жасауға да келмесе, суды себелеп құю ырымын жасауға болады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары