Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қабір азабынан сақтайтын сүре
20 ақпан, 2017 жыл 6084 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Құранның қай сүресі болмасын теңдесіз қасиетке ие. Соның бірі – «Мүлік» сүресі. Оның құндылығы туралы Алла елшісінің ﷺ хадистерінде айтылған:

Азаптан сақтайды. Абдулла ибн Мәсғуд (радиаллаһу әнһ) айтады: «Кімде-кім әр түн сайын «Мүлік» сүресін оқыса, Алла оны қабір азабынан сақтайды. Алла Елшісінің уақытында бұл сүрені «әл-Маниға» (Қорғаушы) деп атайтын едік. Кім бұл сүрені әр кеш сайын оқыса, сөзсіз, хайырлы әрі көп амалды жасаған болады». Адам қайтыс болғаннан кейін, денесін қабірге қойған кезде азаптаушы періштеле аяқ жағынан келеді. Сонда аяғы: «Мұнда жол жоқ. Бұл адам түнде тұрып, «Мүлік» сүресін оқыған». Кейін періштелер бас жағынан келгенде, адамның тілі: «Мұнда да өте алмайсыңдар, ол менімен бірге «Мүлік» сүресін оқыды», - дейді.

Күнәлар кешіріледі, Қиямет күні жақтаушы.  «Құранда отыз аяттан тұратын сүре бар, ол қияметте (жаттап және амал қылған) пендесіне күнәсі кешірілгенге дейін шапағат етеді. Бұл — Мүлік сүресі.»

Пайғамбарымыздың (ﷺ ) қалауы. Абдулла ибн Аббас (радиаллаһу әнһума) Пайғамбарымыздың  әрбір мұсылманның жүрегінде «Мүлік» сүресінің болуын қалағанын һәм тілегі мен үміті болғанын жеткізеді.

1. имам Нәсәи, 10479; Табарани, 10254;  Хафиз ибн Хажар әл-Хайтами хадисті сенімді десе, имам Суюти иснадын «жақсы» деп бағалаған. (Мәжмуз-Зәуәид, 7/127; Дуррул-Манзур, 6/380)

2. Имам Тирмизи, 2891; Әбу Дәуд, 1395; Сахих ибн Хиббан, 787; Мустадрак әл-Хаким, 1/565. Имам Тирмизи хадис дәрежесін «хасан» деп бағаласа, имам Зәһәби мен Хаким сенімділігіне келіскен.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары