Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Аллаға ең жеккөрінішті іс осы екен
20 ақпан, 2017 жыл 4277 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Рұқсат етілген істердің ішінде Алла үшін ең жеккөрініштісі ажырасу» деген екен. Аллаға ұнамсыз істі жасау әбүйір әкелмейді.

Бұл өмірге әйел де қонақ, еркек те қонақ. Екеуі де жолаушыдай өмір сүруі керек. Алайда, біз мұны естен шығарып, мәңгілік өмір сүретіндей әрекеттер жасаймыз. Адамның аз-маз кемшілігін, дүниенің жоқтығын сылтау етіп асығыс шешім қабылдау, жүкті жинап, есікті тарс жабу әдетке айналды. Біліңіз, кемел (идеал) адам, кемел өмір жоқ. Біздің үмбетте бір ғана кемел адам болды, ол – Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын). Ал мінсіз өмір – тек қана жәннатта. Мұндайда, дінде өзіңнен жоғарыға қарап, дүниеде өзіңнен төменге қарап түзелу ләзім. Аллаға жағайын деп мүгедек жарын бағып, балаларын асырап отырған абзал әйелдерге бір мойын бұрыңызшы? Олар Аллаға да, адамға да шағым айтуды әлдеқашан ұмытқан. Ал күйеуінен күн сайын ескерту алып, әйелінің кесір мінезінен опық жеп, нанға тиын болмай қалып, аш жататын күндері көп болатын, балаларын құшақтап, пәтерден пәтерге көшіп жүрген тату отбасылар сізден кем бе? Алла ешкімге шамасы келмейтін сынақ бермейді. Сабырдың артында нендей сауаптың тұрғандығын білсекші?! Сынақ келсе, сынуға даярмыз, ал сахабалар сынақ келмесе, уайымдап, жылаушы еді. Өйткені, олар ешкімнің де сыналмай жәннатқа кірмейтінін жақсы білетін.

Алла Тағала «Ниса» сүресінің 128-аятында: «Егер бір әйел күйеуінің (өзімен) қарым-қатынасы бұзылуынан не теріс айналуынан қорықса, араларына келісіммен түзетулерінде екеуіне де айып емес. Өйткені, келісім – қайырлы. Адам жаны сараңдыққа бейім. Егер жақсылық істесеңдер және тақуалық қылсаңдар, анығында Алла – не істеп жатқандарыңнан хабардар» деп үндейді. Енді бірде: «... Ал кешірулерің – тақуалыққа жақынырақ. Әрі бір-біріңе кеңшілік жасауды ұмытпаңдар. Ақиқатында, Алла – не істеп жатқандарыңды Көруші», -деп өсиет айтады. («Бақара» сүресі, 237-аят). Әрбір әрекет, әрбір сөз үшін есеп бар. Жарыңызға деген қарым-қатынастың бұзылуына біреудің сөзі себеп болды ма? Жарыңыздың бірауыз сөзін көтере алмадыңыз ба? Қу дүниенің жетіспеушілігі ме? Туыстарыңыздың араласуы ма? Раббының алдында жауап беретін – олар емес, өздеріңіз. Ал Алла разылығы үшін сабыр сақтай білген адамға көл-көсір сауаптың бары анық. Мейірімді Алла әрбір қиындықтың артында, жақсылық бар екендігіне уәде береді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары