Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жапырағы түспейтін бір ағаш бар, қай ағаш?
21 ақпан, 2017 жыл 730 Басып шығару нұсқасы

         Абдулла бин Омар (р.а.) әңгімелейді: "Алла елшісі: Ағаштардың ішінде жапырағы түспейтін бір ағаш бар. Ол қай ағаш?",-деді. Адамдар шөлдегі ағаштарды айта бастады. Мен іштей құрма ағашы болар,-деп ойладым, бірақ, айтуға ұялдым. Адамдар: "Уа, Алла елшісі! Ол қай ағаш айтыңызшы?",-дегенде, Пайғамбар (с.ғ.с.): "Ол - құрма ағашы",-деп айтты (Бұхари, Муслим).
Түйін: Құрма ағашы дауылға иілсе де сынбақ тұрмақ, жапырағы да түспейді. Иманы берік мұсылман да өмірдің дауыл іспетті сынағына белі иілсе де, жігері мұқалып, сағы сынбайды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары