Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бейітті зиярат қылу сауап па?
11 қыркүйек, 2013 жыл 912 Басып шығару нұсқасы

Бейіттерді зиярат қылудың сауаптылығыХасан ибн Ғали (р.а.) айтты: «Егер де сендер мешітке кірсеңдер, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сәлем беріңдер. Шындығында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Менің үйімді айтқа айналдырмаңдар яғни, жиналып тойлайтын орын қылмаңдар, өз үйлеріңді қабір қылмаңдар. Маған (с.ғ.с.) қай жерде болсаңдар да салауат айтыңдар, шынында сендердің салауаттарың Маған (с.ғ.с.) жетеді». Осы хадистегі „өз үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар„- деген сөздің мағынасы: әрдайым үйлеріңде Құран, салауат, зікір айтыңдар деген сөз. Ал енді үйді-қабірге теңеген себебі, қабір басында әрдайым Құран, салауат, зікір айтылмайды, сол себепті хадистегі «үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар» деген сөзді кейбір ағымдар бейіт басында Құран оқуға болмайды деп түсінген, әрине бұл қате, бұзық, адасқан және адастырушы пікір.
Алла тағала айтты: «ولو انهم اذ ظلموا انفسهم جاؤك فاستغفروا الله واستغفر لهم الرسول لوجدوا الله توابا رحيما» Мағынасы: «Егер олар өз-өздеріне зұлымдық қылып, Саған (с.ғ.с.) келіп Алладан жарылқау тілесе, олардың жарылқауына Пайғамбарымыз( с.ғ.с.) қосылса, шындығында Алланы тәубелерін қабыл қылушы және рақым қылушы қылып табады»(Ниса сүресі 64 аят). Осы аяттан шығатын қорытынды: Осы аят бізді Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) баруға және истиғфар айтуға, яғни, Құдай тағаладан күнәләрымыздың жарылқануын тілеуге шақырады. Бұл аяттан біз Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) тірі кезінде ғана баруымыз керек деп шектеуге болмайды, себебі тірі кезінде ғана Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бару керек деген аят, хадис жоқ, себебі бұл аят Пайғамбарымыз(с.ғ.с.)қайтыс болуымен мансұқ қылынбаған.
Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) зиярат қылуға болатындығына бірнеше аят-хадистер келтіреміз. Алла тағала Құран Кәрімде былай дейді: «ومن يخرج من بيته مهاجرا الى الله ورسوله ثم يدركه الموت فقد وقع اجره على الله» «Кімде-кімнің һижраты Аллаға және оның елшісіне болса, сол һижрат жолында ажал құшса, шындығында ол адамның сауабын Алла тағала береді». Бұл аяттағы «һижрат» сөзінің мағынасы көшу, бару деген ұғымды білдіреді. Сондықтан бұл аят Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) тіршілігінде болсын немесе өлгеннен кейін болсын зиярат қылудың сауапты екенін ескертеді. Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) өлгеннен кейін зиярат қылу, тіршілігінде зиярат қылғандай екендігін жоғарыдағы аяттар осы пікірге бағыттайды. Енді хадистерге келетін болсақ, Ибн Адидің (р.ғ.) риуаятында: «من حج البيت ولم يزرني فقد جفاني» мағынасы: «Кімде-кім Кағбаға қажылық қылып, Мені(с.ғ.с.) зиярат қылмаса, Мені (с.ғ.с) жапа шектіреді» رواه الدارقطني«من زار قبري وجبت له شفاعتي» мағынасы: Кімде-кім Менің (с.ғ.с.) қабірімді зиярат қылса, оған шапағатым уәжіп болады. «من زارني بعد موتي فكا نما زارني في حياتي» мағынасы: Кімде-кім Маған (с.ғ.с) Мен (с.ғ.с.) өлгеннен кейін зиярат қылса, Маған (с.ғ.с.) тіршілігімде зиярат қылғандай من جاني زائرالااتهمه حاجة الا زيارتى كان حقا على ان اكون له شفيعا يوم القيامة мағынасы: Кімде-кім Маған (с.ғ.с.) зиярат қылудан басқа ойы болмай зиярат етсе, Менің (с.ғ.с) оған шапағатшы болуыма, оның хақысы бар. «من زارنى بعد وفاتى عند قبرى كان كمن زارنى فى حياتى» мағынасы: Кімде-кім Мен (с.ғ.с) дүниеден өткеннен кейін Менің қабірімді зиярат қылса, онда ол тіршілігімде зиярат қылғандай болады. (Даруқутни, Табарони, Байһақи, Ибн Асакирден жеткен хадистер) Ал енді Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзі тіршілігінде Жаннатул-Бақиғпен Ұхұдтағы шейіт болғандарға зиярат қылғандығы жөнінде сахих хабарлар бар.
Ал енді Ислам тарих кітаптарында былай делінген: Имам Шафиғи (р.ғ.) Имам Абу Ханифаны (р.ғ.) зиярат қылғандығы және қабірінің басында таң намазын оқығанда, таң намазының парызында Имам Шафиғи өз мазһабында сүннет болған, құнұт дұғасын оқымаған. Сол кезде қасындағы шәкірттері құнұт дұғасын неге оқымадыңыз деп сұрағанда? Имам Шафиғи жауабына: Имам Ағзам Абу Ханифа мазһабында оқылмағандықтан, Имам Ағзамға құрмет қылғандықтан оқымадым деген. Бұл жерде екі нәрсені дәлел қылып алаламыз:
1. Қай мазһабта болмасын қабір басына зияраттың рұқсаттығына.
2. Қабір басына зиярат қылып барғанда, қабір басында намаз оқуға болатындығына дәлел. (Бұл жоғарыдағы істер ширк емес)
Қадірменді мұсылман қауым! Әке-шешелеріміздің қабірін зиярат қылып, Құран оқып дұға жасайық. Зияраттың, Құран бағыштаудың мән-мағынасын түсінбей, болмайды деп жүрген адамдардың сөзіне ермейік. Керісінше, діннен бастау алған, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды және атадан-балаға жалғасып келе жатқан асыл-құндылықтарымызды сақтайық, дәріптейік, жоғалтып алмайық.


Арабшадан аударғандар: Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары: Дархан Асылтайұлы, Бекболат Зулжаладдинұлы.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары