Тілдік нұсқа
Радио

мақала

БЕС ТҮРЛІ АДАММЕН СӨЙЛЕСПЕ!
21 ақпан, 2017 жыл 1937 Басып шығару нұсқасы

Имам Мұхаммед Бәкір: "Әкем имам Зәйнулабидин хазірет маған: "Бес түрлі адаммен сөйлеспе, дос болма", - деп насихат айтты.

«Әкетай, айтқаныңызды құп алдым. Ол бес түрлі адамның қандай адамдар екенін білдірмес пе екенсіз?» - деп сұрадым. Сонда былай деп түсіндірді:

«Пасық (Алланың бұйрықтарын орындамайтын) адаммен дос болма. Өйткені ол сені бір жұтым асқа, тіпті болар-болмас нәрсе үшін-ақ сатып кетеді». «Болар-болмас дегенді түсіндіресіз бе?» деп сұрадым. «Айтпағым, қолы жетсе деп өлермендік танытып, бірақ қолы жетпеген нәрсе».

«Әкетай, екіншісі кім?»

«Сараңмен дос болма! Өйткені ол қатты қиналған кезіңде дүниесін қорғаштап, сенімен араластығын үзеді».
«Үшіншісі кім?»

«Өтірікшімен дос болма! Өйткені ол жақынды саған алыс етіп көрсетеді».
«Төртіншісі кім?»

«Ақымақпен дос болма! Өйткені ол саған пайда тигіземін деп зиян тигізеді».
«Әкетай, бесіншісі кім?»

«Жақын туыстарымен араласпай кеткен адаммен дос болма! Өйткені Құран кәрімнің тура үш жерінде бұндай адамның оңбайтындығы айтылғанын байқадым».

 

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары