Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Әбу Зәррға айтқан 10 өсиеті
14 наурыз, 2021 жыл 2381 Басып шығару нұсқасы

Салтан САЙРАНҰЛЫ

«Жер Әбу Зәррдан асқан тура, шыншыл басқа ешбір жанды арқаламаған, көк те ол секілді басқа ешбір жанды көлеңкелемеген» деген Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мақтауына лайық болған сахаба Әбу Зәрр Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) өсиетін өле өлгенше берік ұстанған жан еді. Халық пұтқа табынып жатса да, ол бұдан жиіркенетін. Оның жаны соңғы бір құтқарушыны күтетін. Пайғамбарымыз жайлы хабарды ести сала, елінен Меккеге қарай бет алып, мұсылмандықты қабылдаған алғашқы сахабалардың бірі болды. Әбу Зәрр үнемі Пайғамбарымыздан өзіне өсиет айтуын сұрайтын. Тағы бірде оның бұл өтінішіне Пайғамбарымыз төмендегідей өсиеттерін айтты.

  1. Аллаһ Тағаладан қорық. Өйткені, Аллаһ Тағаладан қорқу барлық нәрсенің басы.
  2. Оқи алғаныңша Құран оқы және Аллаһ Тағаланы зікір ет. Себебі, Аллаһ Тағаланы зікір ету сен үшін жер жүзінде нұр, көкте азық.
  3. Көп күлуден сақтан. Өйткені, күлу жүректі өлтіріп, жүздің нұрын тайдырады.
  4. Жиһаттан қалма.
  5. Көп сөйлемеуге дағдылан. Себебі, аз сөйлеу шайтанды бойыңнан аластатып, дініңді қорғауда жәрдемшің болады.
  6. Кедейлерді сүй және солармен бірге бол.
  7. Нығмет мәселесінде өзіңнен төмен болғандарға қара, өзіңнен жоғарыларға қарама. Бұл Аллаһ Тағаланың саған берген нығметін азсынудан сақтайды.
  8. Шымбайға батса да шындықты айт. Турашыл бол.
  9. Өзіңді төмен көруің өзгеге тіл тигізуден сақтайды.
  10. Өзің жасаған жамандықтарды өзгелерден көрсең, ашуланба. Өз бойыңдағы жаманшылықтарды көрмей, өзгелерді жамандаудан, өз бойыңдағы кемшіліктерге көз жұмып, сол кемшіліктерді басқаның бойынан көріп, ашуланудан асқан кемшілік жоқ.

Әбу Зәрр Пайғамбарымыздың бұл өсиеттерін өмірінің соңына дейін әріп-әрпіне дейін орындаған.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары