Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бұл сусында ерекше 5 қасиет бар
23 ақпан, 2017 жыл 386 Басып шығару нұсқасы

Зәм-зәм суы Ажар анамызға беріліп, барлық адамзатқа нәсіп болған қасиетті бұлақ. Ол жай су емес, оның қасиеті туралы ықылым заманнан бері айтылып келеді. Зәм-зәмнің ерекше 5 қасиетіне тоқталайық:

1. Оның атауы өте көп.  

Зәм-зәм бұлағының 60-тан астам аты бар. Сарапшылардың айтуынша мұндай түрлі аттар оның қасиетін сипаттайды. Ең танымалдары мыналар:

Зәм-зәм

Шаббаат – сіңімді

Мурвият – шөлді басушы

Нафиат – пайдасы ұшан-теңіз, қорқынышты сейілтеді, жүректі бекей түседі.

Афият – дәрігерлер де емдеуге дірменсіз ауруларды емдеп жазады.

Баррат – жақсылық береді

Мазнунат – бағалы, қорғалған.

2. Көңілді қуаттандырады

Зәм-зәмнің денені түгелдей емдеп-жазатын қасиеті бар. Кнут Пфайфер есімді неміс ғалымы әріптесі Хусама Османмен бірге Зәм-зәм суына тәжірибе жасап, қасиетті су кез-келген жағдайда, тіпті алыс жолдан келген жанның өзіне таусылмас қуат беруге дәрменді екеніне көз жеткізген.

3. Кірленуді білмейді.

Зәм-зәмнің тоқтаусыз ағып тұрғанына 4 мың жыл болды. Доктор Яхьи Кошаканың зерттеуі көрсеткендей су ешқашан ластанбайды да, бактерияларды да көрмейсіз. Ол таза болған, таза болып қала береді.

4. Емдік қасиеті күшті.

Зәм-зәмнің емдік қасиетінің күшітілігі құрамындағы кальций мен магний тұзының, табиғи фторидтің өте жоғары болуында екенін ғылым дәлелдеген. Сондац-ақ қандац емге ниет етіп ішсеңіз, сол ауруға дауа болатын қасиеті бар.

5. Ғажайып тарих

Бұлақтың жер астынан қалай шыққаны, Меккенің астынан туннель салғанға дейін жұмбақ жағдайда болған. Инженерлер мен жұмысшылар тастақ жолдан қылдай ғана, адам шашының өлшеміндей ғана жарықшаны тауып алады. Зәм-зәм болса, осы иненің көзіндей болған жарықтан шыққан. Ал ғалымдар мұндай жарық үшін ерекше күш керек дейді. Ал хадистерде жарық Жәбірейілдің(а.с)қатты соққысынан пайда болған деседі.  Бұлақтың тереңдігі – 30 метр.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары