1)ықылассыз оқылған намаздан,
2)нашар қылықтардан тыйылып ұстамаған оразадан,
3)селқос оқыған Құраннан,
4)күнәларды тыймаған ғибадаттан,
5)қайырымы жоқ байлықтан,
6)адал емес амал достықтан,
7)ықыласпен жасалмаған дұғадан»
Хазірет Әли
«Өмір бойы ораза ұстап, түндерімді ғибадатпен өткізсем де, байлығымды оңды-солды дін жолында таратсам да егер Аллаһқа бағынған құлдарды жақсы көріп, бағынбағандарын жек көрмесем, бұл істегендерімнің ешқайсысының пайдасын көре алмаймын»
Абдуллаһ ибн Омар
«Ғибадат егер құс болса, оның қос қанаты ораза мен намаз болары күмәнсіз»
Яхия ибн Муаз
«Мүмин сыбызғы тәрізді, іші бос болса ғана дыбысы жақсы шығады» Әбу Талиб и Мәкки
«Ораза ауызды бекіту арқылы жүрек көзінің ашылуына көп көмегін тигізеді. Рух көзін ашу дененің қуатын бәсеңдету арқылы жүзеге асады. Жүрек көзі соқыр жандарды ешқандай құлшылық нұрландыра алмайды».
Жәлаладдин Руми (Мәулана)
Пікірлер