Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбар қойған астау
27 қыркүйек, 2014 жыл 174 Басып шығару нұсқасы

qsDK0YkecFgХазірет Омар бір күні Жұма намазына бара жатып бір тамның қасынан өте бергенде там төбесінен үстіндегі киіміне қан тамып кеткен еді. Ол бірден қан тамшылап тұрған астауды тауып әлгі тамның үстінен алып тастады, сөйтті де үйіне кері қайтып, үстіндегі киімін ауыстырып қайта келді. Мешітке келген халыққа намаз оқытып болған соң хұтбаның соңын ала бере жиналған халыққа қаратып: «Әй, жамағат, мүминдерге қиыншылық жасап отырған жайларыңыз бар,- деп бастап,- мен сол қан тамшылаған астауды орнынан алып тастадым»,- деп сөзін аяқтайды. Хазірет Омар сөзін бітірместен мешіт ішінен біреудің «Әй, Омар! Сен не бүлдірдің?» деген айғайлаған ащы даусы естілді. Бұны айтқан адам Омардың ең қатты жақсы көретін досы Аббас еді. Кезінде бір қуаңшылықтан қатты қысылғанда «Аллаһым, бұл – пайғамбардың көкесінің қолы, бізге сол қолдың құрметі үшін жаңбыр жаудыра гөр!» деген тілек те осы Аббасқа қатысты айтылған-ды. Аббас түрегелген күйі: «Ей, Омар! Ол там – менің тамым. Ал жаңағы астауды Хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) өз қолымен сол жерге қойған еді ғой, сенің мына істегенің не?»,- деп кінәлады. Омар «пайғамбарымыз өз қолымен қойып еді» деген сөзді естігенде-ақ бойдағы бар әл-дәрмені құрып, жер сүзе құлағандай пұшайман халге түсті. Омар өз ісіне қатты өкініш білдіре:- Уа, Аббас!-дейді,- мен қазір сол тамның түбіне барып, басымды жерге қоям, ал сен болсаң менің басымды аяғыңмен басып тұрып жаңағы астауды орнына қоясың. Сен ол астауды орнына қоймағанша мен басымды ол жерден көтермек емеспін,-дейді. Сөйтіп, соңында ескі астау өз орнына қайта қойылды. Иә, сахабалар хазірет Мұхаммедті (с.ғ.с.) осынша-лықты жақсы көретін, тіпті оның әрбір іс-әрекеті олар үшін бұлжымайтын қағидаға айналған еді. Ирандықтар мен Византияны тізе бүктірген Омар пайғамба-рымыздың өз қолымен қойған астауына келгенде қаншалықты кішіпейілділік танытып, майдай еріді десеңізші?! Шіркін, біз де сүйікті пайғамбарымыздың қандай да бір ісінің ұмытылмауында сахабалар көрсеткен қырағылықтың сәл-пәлін болса да көрсете алғанымызда екі дүниеміз де жұмаққа айналған


болар еді… Дереккөзі: «Тағлым тамшылары»





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары