Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Намаз уақыттарының аяқталуы
06 қазан, 2014 жыл 787 Басып шығару нұсқасы

namaz07   Миғраж кезінде намаз парыз ретінде бекітілді, мүміндер де намаз арқылы өзіндік бір миғражға көтерілу мүмкіндігіне ие болды. Көп өтпей Жәбірейіл періште Пайғамбарымызға (с.ғ.с) Алла Тағаладан намаз оқуға бұйырған уахи алып келеді. Бірақ онда намаздың қалай, қай уақытта оқылатыны айтылмаған еді. Пайғамбарымыз Хирадағы кездесуден кейін тек екі рәуаттан намаз оқитын, кейін тәхажжуд намазы да парыз етілді. Ал парыз етілген намаздың жөні басқа.


  Күн сәскеден асқанда Жәбірейіл намазға тұрды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да оның артынан намазға ұйыды. Бесін намазының уақытын бекітіп екінді намазының уақыты кірді. Заттың өзінің бойымен теңескен уақытта екінді намазы оқылды. Күн батқаннан кейін ақшам намазын, батқан күннің шапағы көзден ғайып болғаннан кейін құптан намазын жамағатпен оқыды. Түннің қараңғылығы кетіп, аспан енді бозара бастағанда таң намазына тұрды. Осылайша Жәбірейіл Пайғамбарымызбен (с.ғ.с) бір күннің бес уақыт намазын толық оқып шықты.


Періште Жәбірейіл (а.с.) мұнымен шектелмейді. Бесін уақыты болғанда қайтып келді. Бұл кезде күн сәскеден әбден асып, заттың көлеңкесі өзінің бойымен теңесті. Қайтадан жамағат болып, намаз оқыды. Ал екінді намазы заттың көлеңкесі екі есе ұзарғанда оқылды. Ақшам намазы күн батқан кезде, құптан намазы түннің үштен екі бөлігі өткеннен кейін оқылды. Ал таң намазы күн шығардың сәл алдында оқылды.


Осы екі күндік намаз сабағынан кейін Жәбірейіл Мұхаммедул-Әминге қарап:


* Мұхаммед, намазды кешегі мен бүгінгі оқыған уақыт арасында оқы, -деді.


Исра мен Миғраж оқиғасы иман мен күпірліктің арасындағы айырмашылықты айқын көрсетті. Қарсы шыққандар өздерінің


қараңғылық тұмшалаған дүниелерінің тамұғына бұрынғыдан бетер тұншыға берді. Ал мұсылмандар жігерленіп, имандары бұрынғыдан бетер күшейе түсті.


Сайтқа дайындаған: М.Қуандыққызы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары