Тілдік нұсқа
Радио

мақала

МЫНА ДҰҒАНЫ ОҚЫҒАНҒА АЛЛА ТАҒАЛА МОЛЫНАН САУАП ЖАЗАДЫ
25 ақпан, 2017 жыл 4895 Басып шығару нұсқасы

Әбу Дәудтің «Сунән» атты хадис жинағындағы бір хадис-шәріпте Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы дұға туралы былай деген: «Кімде-кім таңертең және кешке осы дұғаны оқитын болса, оны Өзіне разы ету Алла Тағалаға тиесілі іс болады  (яғни, Алла Тағала оған молынан сауап жазады да, ол Аллаһқа разы болады)». Сондай-ақ, осы дұғаға қатысты Ахмәд ибн Ханбәлдің «Муснәд» атты хадис жинағындағы бір хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген: «Кімде-кім азаншының дауысын естіген кезде осы дұғаны оқыса, күнәлары кешіріледі»[1

Оқылуы: Радыйиту билләһи Раббә уә бил-Исләәми диинә уә би Мухаммәдин нәбийә.

Мағынасы: Раббы ретінде Аллаға, дін ретінде Исламға және пайғамбар ретінде Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) разы болдым.


[1] Сунәну Әби Дәууд, Китәбу әл-әдәб 4410; Муснәду Ахмәд ибн Ханбәл, Муснәду әл-ашара әл-мубәшшәра 1482

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары