Қарағанды 07:22 Таң
  • 07:22 Таң
  • 08:52 Күн
  • 13:23 Бесін
  • 15:58 Екінті
  • 17:44 Шам
  • 19:15 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

Әкесі өлгендер мынаны білуі шарт

Табиғин ғалымдарынан Куфа қазысы Әбу Бурда әл-Әшғари былай дейді:

Бір күні Мәдинаға бардым. Сахабалардан Абдуллаһ ибн Омар мені зиярат ете келді де:

– Сені не үшін зиярат еткенімді білесің бе? – деп сұрады.

– Жоқ, білмедім, – дедім. Сонда Абдуллаһ ибн Омар:

– Мен Пайғамбарымыздың  «Әкесін қабірінде зиярат етуді қалаған жан әкесінің өлімінен кейін оның достарын зиярат етсін» дегенін естідім. Менің әкем Омар мен сенің әкең Әбу Мұса әл-Әшғари бауыр әрі дос еді. Сол себепті бұл достықты жандандыруды қаладым, – деді (Әбу Я’лә әл-Мәусили, Муснәд).

Абдуллаһ бин Омардың бұл жақсы әдетіне қатысты табиғин ғалымдарынан Абдуллаһ ибн Динардан да мынандай хабар жеткен:

Бір күні Ибн Омар қажылық ғибадатын атқару үшін Меккеге жолға шықты. Жанында түйеге мінуден шаршағанда демалу үшін мінетін бір есегі және басында сәлдесі бар еді. Бірде Ибн Омар есегіне мініп келе жатқанда бір бәдәуиге кезікті. Әлгіге сәлем берген соң:

– Сен пәленшеұлы түгенше емессің бе? – деп сұрады. Бәдәуи:

– Иә, – деп жауап беріп еді, Абдуллаһ ибн Омар астындағы есегін бәдәуиге ұстата салып:

– Ал да мынаны мін, – деді. Сосын басындағы сәлдесін де:

– Мынаны да киіп ал, – деп шешіп берді. Бәдәуи басына сәлдесін киіп, есегін мініп кеткен соң, қасындағы достары Ибн Омарға:

– Бұл игілігің Құдайдан қайтсын! Бірақ, бұл адам бәдәуи. Бәдәуилер азға қанағат қылады. Астыңдағы есекті, басыңдағы сәлдені бұған босқа бердің, – дейді. Сонда Ибн Омар:

– Мен Пайғамбарымыздың «Игіліктің ең құндысы адамның әкесі өлген соң әкесінің досының отбасына қылған қамқорлығы», – дегенін естідім. Бұл адамның әкесі әкем Омардың досы еді, – деді (Мүслим, Әбу Дауіт, Тирмизи, Ахмад бин Ханбал).

 

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    18 қаңтар 2018 жыл Қажылық әдебі
    18 қаңтар 2018 жыл Жақсы әкенің 10 сипаты
    10 қаңтар 2018 жыл Алла кешірмейтін күнә
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика