Үммі Румман әңгімелейді: «Хазрет Әбу Бәкір менің намазда оң-солыма жалтақтап отырғанымды көріп, жазғыра сөйлегені соншалықты –тіпті намазымды бұзып ала жаздадым. Намазымды оқып бітіргенде, маған былай дейді: «Мен Алла елшісінің « Намазға тұрған кезде, күллі дүниені ұмытыңдар. Яһудилер секілді жан-жақтарыңа бұрылмаңдар. Өйткені намаздың бір шарты – дүниемен байланысты үзіп, Алланың алдында тұрғаныңды қаперде ұстау», - дегенін естідім».
Пікірлер