Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ломбард жайлы мынаны білесіз бе?!
01 наурыз, 2017 жыл 2567 Басып шығару нұсқасы

Ломбард — жеке тұлғаларға жылжымалы мүлік кепілдігімен қысқа мерзімге қарыз беретін мекеме. Мұнда мүлік иесі өткізген затын келісім шартта көрсетілген уақыт ішінде «үстеме ақшамен» қайта сатып алуға құқылы. Егер белгіленген уақыт ішінде қайта сатып алмаған болса, ол мүлік сатылымға түседі.[1] Бұл әрекет «өсімге» жататындықтан, шариғатқа теріс. Олай болған себебі, ломбард берген қарызын үстеме ақшамен қайтару шартын қойып отыр. Ал қағида бойынша «Қарыз беруші берген қарызынан пайда көретін болса, бұл – өсім» дейді шариғатымыз.[2] Ақшадан қысылып, қарыз сұрауға мәжбүр болған жанның бұл халін олжа көріп, одан қосымша пайда түсіруді көздеу – Исламға жат әрекет. Өйткені, дінімізде өсімсіз қарыз беру – сауапты іс, ол «өзара жәрдемдесу» түсінігіне сүйенеді. Ал, мұқтаж жаннан пайда көрейін деген пиғыл «жәрдем көрсетуді» емес,  керісінше менмендік пен өзімшілдікті  арттырары сөзсіз.

[1] http://ru.wikipedia.org/wiki/Ломбард [2] Зухайли, Фәтәуа Муғасыра – 147 бет.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары