Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Үйден шығарда есіңде болсын
01 наурыз, 2017 жыл 11114 Басып шығару нұсқасы

1.Хадистердің бірінде: «Кімде- кім үйден шыққанда Аят әл-Күрсиді оқыса, қайтып келгенше түрлі қауіптен сақ болады», - делінген.

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
       «Аллаһу ләә иләәһә илләә һуәл-Хайюл-Қайюм, ләә тәъхузуһу синәту уә ләә нәум, ләһу мәә фис-сәмәәуәәти уә мәә фил-ард, мән зәлләзии яшфа’ъу

ъ’индаһу иллә би-изниһ, иаъламу мәә бәйнә әйдиһим уә мәә халфаһум, уә ләә юхитууна бишәййм-мин ъилмиһи илләә бимәә шәә, уасиъа курсиюһус-сәмәуәти уәл-ард, уә ләә иәудуһу хифзуһумә уә һуәл-ъАлиюл-′Азиим»

2.Тағы бір хадис шәріпте былай делігнен: « Үйден шығарда «Бисмилләһи, тәуәккәлту ала Аллаһи, уә лә хәулә, уә лә қууата иллә билләһи», - деп айтқан адам қауіп-қатер мен шайтаннан қорғалады».  

Мағынасы: Алланың атымен, Аллаға тәуекел еттім. Алла (Тағаланың) күш- қуатынан асатын ешқандай күш- қуат жоқ.

3.Һуд сүресінің 41 аятын айтқан адам жол апаттары мен түрлі жамандықтар мен басқа да бақытсыздықтан қорғалады.

وَقَالَ ارْكَبُوا فِيهَا بِسْمِ اللَّهِ مَجْرَاهَا وَمُرْسَاهَا ۚ إِنَّ رَبِّي لَغَفُورٌ رَّحِيمٌ

"Бисмилләәһи меджраба ве мурсаха иннә рабби лғ гафуруррахим"

 «Кемеге отырыңдар. Оның жүруі де тұруы да Алланың атымен. Расында Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді” («Һуд» сүресі, 41 – аят)

Сондай-ақ жолға шығарда екі рәкағат намаз оқып, садақа берген абзал.

4.Үйден шығарда оқылатын дұға:

Бұл дұға барлық қиындықтар мен жамандықтардан сақтайды және үйден шығарда оқу керек:

“Аллаһуммә инни әъузу бикә ән адыллә әу удаллә, әу әзиллә, әу узәллә, әу азлимә, әу узләмә, әу әжһәлә, әу южһәлә ъаләйиа”.

Мағынасы: Ей, Алла! Мен адасуымнан немесе адастырылуымнан, өзімнің қателесуімнен не қателікке ұшыратылуымнан және зұлымдық жасауымнан немесе маған зұлымдық жасалуынан және надандықта болуымнан немесе маған надандық жасалуынан Өзіңе сыйынамын.

5. Пайғамбарымыз сапарға жүрер алдында мына 5 сүрені оқыған: Кәфирун, Ықылас, Наср, Фәлақ және Нас.  

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары