Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Күнә жасамағандай пәк болу үшін...
10 сәуір, 2019 жыл 1199 Басып шығару нұсқасы

Барлық мадақ-мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Екі дүниенің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) оның үй-ішіне, барлық сахабаларына салауаттар болсын.

Бұл дүние емтихан дүниесі. Жақсылық пен жамандықты таңдау, құлдың еркінде болғандықтан күнәсіз пенде болмайды. Ал күнәлардан тазартып, құлды жарылқаушы бір Алла. Нағыз мұсылман алысқа көз тастап, келешегін ойлайды, ал біздің ахирет және бұл дүние өткінші дүние. Алла Тағала дүниеде және ақиретте біз үшін пайдалы болған нәрселерді әмір еткен. Алла Тағаладан жасаған қателіктерімізді мойындап, істеген күнәларымыздың жазасын бермеуді, біздерге разы болуын сұрау – тәубе деп аталады.

Ибн Аббас (р.а) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз(ﷺ): «Кімде-кім күнәларына тәубе етсе, ол адам ешқандай күнә жасамағандай болады.» - деп бұйырған. Яғни бір адам жасаған күнәсі үшін өкініп, содан кейін ол күнәні қайталап жасамаса оның тәубесі қабыл болғаны.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ей, иман еткендер! Алла Тағалаға шынайы тәубе қылыңдар. Раббыларың жамандықтарыңды жойып, астарыңан өзендер ағатын жұмақтарға кіргізуі үміт етіледі.» -деп бұйырады.

Хадис шарифте былай делінген: «Тәубаға келген кісі Алла құзырында шәһид мәртебесінде болады. Ал тәубе етіп, қайта күнә ісін жалғастырғандар болса, Алла Тағаланы мазақ еткендей болады»- деп бұйырылған.

Барылық күнәлардан қорғалған, 18 мың ғаламның Пайғамбары: «Ей, адамдар! Аллаға тәубе қылыңдар. Өйткені мен күніне 100 рет Аллаға тәубе етемін.» - деп ескерткен.

Құрметті мұсылмандар!

Күнәдан пәк болған Пайғамбарымыз (ﷺ)  үздіксіз тәубе еткенде, күнәдан бас көтере алмай, жүрген біздің қаншалықты тәубе етуіміз керек. Екендігін ойлаңыздар!? Тек Алланың рахымдылығынан үміт күтуіміз керек.

Адамның иықтарында жақсылықтар мен жамандықтарды жазатын періштелер бар. Оң иықтағы періште жақсылықты, сол иықтағы періште жамандықты жазады.

Пайғамбарымыз (ﷺ) өзінің бір хадисінде былай дейді: «Оң жақтағы періште сол жақтағы періштенің әміршісі. Құл, бір жасағанда оң жақтағы періште сол жақсылықты он есе етіп жазады. Ал бір жамандық жасағанда сол жақтағы періште жаза бергенде, оң жақтағы періште: күте тұр, егер күнәсі үшін тәубе етсе оған ешқандай күнә жазба, деп әмір етеді».

Пайғамбарымыз (ﷺ) өмірінің соңында жасаған қажылығында Арафат тауында тік тұрып, жылап Алла Тағалаға дұға етті. Пайғамбарымыздың (ﷺ) көзінен аққан жас сақалына дейін жетті. Тіпті сақалы суланды.

Арафат тауынан түсіп Мұздалифа тауына келіп, сол жерде тағы жылап дұға етті. Бұл қасиетті жерлер қажылардың дұғасы қабыл болатын жерлер. Пайғамбарымыз (ﷺ) Мұздалифа мен Арафат тауында ұзақ жалбарынды. Бір мезетте Пайғамбарымыз (ﷺ)  күлімсіреген еді, сахабалар Пайғамбардан (ﷺ) сұрады:  Уа, Алланың Расулі Арафатта да, мына  Мұздалифада да ұзақ жылап дұға еттіңіз. Енді жүзіңізде қуаныш пайда болды. Себебі не? дегенде.  Пайғамбарымыз(ﷺ) айтты: «Уа Асхабым! Арафатта, Мұздалифада дұға еткен себебім. Үмметімнің кешірілуін сұрадым. Қияметке дейін келетін үмметім небір күнә жасауы мүмкін. Бірақ тәубелері қабыл болып кешірілуін сұрадым», деген екен.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары