Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Темекі шегушілер мұны білгенде...
10 сәуір, 2019 жыл 2197 Басып шығару нұсқасы

Көпшілік темекі тарту зиян әкелмейді деп ойлайды. Егер темекі тартатын адамнан қай кезден бастап әуестенгенін сұрасаңыз, есімде жоқ, деп жауап береді. Шылым шегетін адам арты қайғылы ауруларға шалдығып өз-өзіне зиянын тигізеді. Ал ислам болса өзін-өзі өлтіруге және денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруге қатаң тыйым салады. Ал темекі шегуді ағзаңды улау арқылы біртіндеп өзіңді-өзің өлтірумен салыстыруға әбден болады. Әбу Хурайрадан (р.а) жеткен хадисте Алла елшісі  (ﷺ)  былай дейді: «Кімде-кім таудан құлап, өзін-өзі өлтірсе, ол жәһәннам отында мәңгі-бақилыққа құлайды. Кімде-кім у ішіп, өзін-өзі өлтірсе, жәһәннам отында мәңгі-бақи сол уды қолына ұстап ішіп тұрады. Кімде-кім өзін-өзі темірмен өлтірсе, жәһәннам отында сол темірі қолына ұстап өзін-өзі мәңгі-бақи ұрғыштап тұрады» (Бұхари, Мүслім ). Бұл қауіп-қатер денсаулығына зиян тигізіп,  өз-өзін құртып жүргендерге де қатысты. Шылым шегумен тек өз-өзіңді ғана құртып қоймайсың, күнәлі іске ысырап қылған ақшаң үшін де жауап бересің. Қасиетті Құранда айтылғандай: «Ысырап етпе! Ысырап еткендер шайтанның бауырлары » (Исра 26, 27).

Үлкендердің бала тәрбиесінде маңызды рөл ойнайтыны бәрімізге белгілі. Отағасы темекінің түтінімен тек отбасы мүшелерін улап қана қоймайды, сонымен қатар балаларына үлгі болады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей кішкентай бала үлкендердің әдетін тез қағып алғыш келеді, жүріс-тұрысы, сөзі мен қатар, жаман әдеттерді де  жылдам қабылдайды. Өзімізге осыншама зиян әкелетін істен неге арылмасқа?! Осы айтылған кеңестеріміз бір адамның болсын өмірін жақсы жаққа өзгертеді деген үміттемін! Алла Тағала Өзінің қолдауына зәру жандарға жәрдем болсын! Әмин!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары