Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жаман түс көргенде есте сақта
06 наурыз, 2017 жыл 11894 Басып шығару нұсқасы

Аса мейірімді, барлық мақтау мен мадаққа ие Алланың атымен бастаймын!

Хадисте: «Сендер жағымды түс көрсеңдер, ол Алла Тағаладан. Алла Тағалаға шүкіршілік айтып, көрген түстеріңді әңгімелеп беріңдер. Ал, ұнамайтын түс көрсеңдер, ол шайтаннан, көргеннің жамандығынан сақта деп Алла Тағалаға жалбарыныңдар. Жаман түсті ешкімге айтпаңдар, өйткені сендерге оның ешбір зияны тимейді», - деп айтылған. ( Жамиъ усул ли ахадис расул, руиа уа амсал, 305-бет).


Кейде шырт ұйқыға кеткенде өз түсіңнен өзің шошынып оянатын кездер болады. Мұның мәнісі неде деп күні бойы бас қатырып, әркім-біркімнен сұрап, маза таппайтындар жоқ емес. Алайда, хадис-шәрифтерге сүйенетін болсақ, жаман түсті жаһанға жар салып, айтудың қажеті жоқ. Бес саусақ бірдей емес дегендей, адамдардың барлығының ойы бір жерден шықпайды. Бірі түсті жақсылыққа жорыса, екінші біреу алдыңнан жаманшылық күтіп тұр деп үрейді ұшыруы мүмкін.


«Түс қалай жорылатын болса, солай шығады. Сондықтан түстеріңді насихат бере алатын немесе ғалымдарға айтыңдар» (Хаким). Бір күні бір әйел Алла Елшісіне(с.ғ.с )келіп, түсін айтқанда Пайғамбарымыз(с.ғ.с) қасыңдағы болмаған кісімен(күйеуіңмен) қауышасың деп жорады. Әйел күйеуіне қауышады. Арада біраз уақыт өткеннен кейін, тағы да дәл сол түсті көреді де, басқаларға жорытады. Олар күйеуің өледі деседі. Айтқандары келеді. Сондықтан да түсті жария қылып, жар салудың қажеті жоқ. Алла Тағала құлы нені ниет етіп, не сұраса соны береді.

Тағы бір хадисте: «Жаман түс көрген адам оны ешкімге айтпасын, шайтаннан да қорғану үшін Алла Тағалаға жалбарынсын»,- делінген (Муслим).

Жаман түс көргенде қандай амалдар істегені дұрыс?


* «Жаман түс көрген адам оянған соң сол жағына үш рет түкіріп, шайтанның жамандығынан сақтау үшін Аллаға сиынсын. Сонда түс оған зиян келтірмейді» (Муслим).

* Дәрет алу маңызды.


* «Аузу би калимати ЛЛяхи т-таммати мин газабихи ва икабихи ва шарри ибадихи ва мин хамазати ш-шайтани ва ай-йахдурун» дұғасын оқу.

* Садақа беру абзал.


Шынында, Алла Тағала бәрін білуші. Иеміздің бұйырғанын орындап, харам еткенінен бойымызды аулақ салып жүру құлының парызы. Түс те біздің ойымыздың, іс-әрекетіміздің жемісі. Әрдайым Жаратушы Иеміз игі түстер көруге жазсын!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары