Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жаңа ай туғанда мұны қаперіңде сақта
06 наурыз, 2017 жыл 6392 Басып шығару нұсқасы

Ғаламдағы барлық жаратылыс Алла Тағалаға құлшылық ететіні ақиқат. Құран Кәрімде: «Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Алланы пәктейді. Оны пәктеп, мақтамайтын ешбір нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тасбихтарын (құлшылықтарын) түсіне алмайсыңдар...[1]»,-деп баяндалған.

Иә, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да жансыз құбылыстармен тілдесетін. Ол жайлы хадистер де баршылық. Алла елшісі (с.ғ.с.) мұсылмандарға жер, ай сияқты жаратылыстар және күннің күркіреуі тәрізді құбылыстар да адамдармен қатар Алла Тағалаға құлшылық ететінін хабарлаған. Талха бин Убайдулла (р.а.): «Пайғамбар (с.ғ.с.) жаңа ай туғанын көргенде: «Аллоһуммә әһлилһу ъәләйнә бил юмни уәл иман уәс сәләмәти уәл ислам, Робби уә Роббукә Аллаһ» (мағынасы: Уа, Алла! Жаңа айда бізге жеңілдік бер. Иманда, амандық және Исламда (берік ет). Менің және сенің Раббың – Алла»,-деп дұға етуші еді[2]»,-дейді.

Алла елшісі (с.ғ.с.) осы дұғаны жылына он екі рет қайталайтын. Жаңа туған айда берекет сұрап, дінде берік болуды тілеп қарсы алатын. Сонымен бірге, мұсылмандарға айдың туу уақытын анықтауға және бақылауға шақыратын. Өйткені, айдың тууына қатысты жасалатын құлшылық түрлері бар. Мәселен, айдың ортасында үш күндік ораза, Ашура оразасы және т.б. Қала берсе, берекет, амандық, иман және Исламда берік тұруды сұраумен бірге сүннетке амал еткеннің сауабын алады. Бұл ғажап сүннет емес пе!


[1] Исра сүресі, 44-аят
[2] Тирмизи

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары