Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өмірлік мақсатымыз қандай?
11 қараша, 2014 жыл 695 Басып шығару нұсқасы
1354133814_0_1.silicone-buttock-implant

Ақыл тоқтатып, оң-солымызды танығалы бері бәріміз айна алдында тұрып өзімізге «Мен кіммін?» деген сұрақты қойған болармыз. Бірақ өз сұрағымызға тұшымды жауап бере алғанымыз аз. Ол күмәнсіз. Өміріміздің мәні неде екенін, не үшін өмір сүріп жүргенімізді, осы дүниеге келгендегі басты мақсатымыздың не екені туралы талай рет ойландық. Қанша рет өмірімізді «жаңадан» бастадық десеңізші. Әр күн сайын қанша ісімізді ертеңге қалдырдық.

Бір күні Алла жолында амал етіп, шынайы мұсылман болуға өз өзімізге сөз береміз. Бірақ бұл ойымыз, күш-жігеріміз екі-үш күннен аспай, баяғы таз қалпымызға қайта түсеміз. Осылай өміріміз өтіп-ақ  жатыр. Кейде күнұзын ғаламторды ақтарумен уақытымызды өткізіп, намаз оқуға уақытымыздың жоқ екенін айтып жылаймыз. Тек дүниелік қажеттіліктерімізді, дүниелік істерімізді ойлап жүріп, Алланың разылығын алу үшін емес, өзгелердің мақтағанын есту үшін қанша уақыт кетіріп, зая еттік. Мақсатымыз  айналамыздағы адамдарға ұнау. Ал бұны өзіміз сияқты күнәсі мен күпірлігі көп пенделерге ұнау үшін емес, Алла разылығы үшін істесек  әлдеқайда бақытты болар ма едік...

Аралас-құралас жүрген адамдардың бірі құран жаттап, намазға жығылса қуанамыз. Дұрыс іске ден қойғанын сеземіз. Бірақ өзіміз соған асықпаймыз.  «Жасай алмаймын», «жаттай алмаймын», «ұйықтап қаламын», «бастауға қорқамын» деген сылтауымыз бар. Егер шынымен өмірдегі мақсатың Алла разылығына ие болу болса сылтау сөздің бәрін доғарып, бір Алла Тағалаға тәуекел етіп сәждеге бас қоясың.

Арагідік  Алла елшісі  мен сахабалар туралы фильм көргенде, не бір кітап оқығанда жанымыз жеңілдеп қалады. Осындай сәттерде өзіміздің парызымызды орындамай, уақытымызды құр өткізіп жүргенімізге тағы бір мәрте көз жеткізіп, іштей өкінгендей боламыз. Бірақ біздің намаз оқу ниетіміз жүзеге аспай, ойымыздың түкпірінде бұғып қала береді. Біз бәрін білеміз, бәрін түсінеміз. Бірақ мойнымыз жар бермейді. Жалқаулық Жаратқанның алдына тұрғызбайды.

Әрқайсымыз ойланатын жағдай. Әрқайсымыз өз таңдауымыз үшін жауаптымыз, кім болу, қандай жолды таңдау – еркіміз. Бірақ шайтанның Алла Тағалаға «Сенің құлдарыңның жандары тәндерінде тұрғанда тура жолдан тайдыра беремін» деген анты бар екенін, сонда «Олар менен кешірім сұраудан жалықпағанша мен оларды кешіремін» деген Алла тағаланың кеңдігін  ескергеніміз абзал.

Сылтау еткен «қияндықтарымыз» шындап қарасақ болмашы себептер. Өмірде алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізсек қуанамыз. Сөйте тұра ол мақсаттардың осы дүниелік істер екенін, ақыретке тек Алла жолында жасаған амалдарымыз баратынын әсте естен шығармайық.

 ISLAMDAG.RU

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары