Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбар ﷺ нәпіл намазды қалай оқыған?
09 наурыз, 2017 жыл 2566 Басып шығару нұсқасы

Алла Тағаланың ұлы нығметі мен шексіз сыйына сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын!

Пайғамбарымыз ﷺ түнде тұрып, көп уақытын нәпіл намазға бөлген. Ол туралы хадистер де көп. Алла Елшісінің ﷺ, жазғышы ретінде танымал болған Абу Хузайфа бин аль-Йаман аль-Ансари (р.а.) былай дейді: «Бірде мен Алланың Елшісімен түнде бірге нәпіл намаз оқыдым. Сонда ол (намаздың бірінші рәкәғатында) «Бақара» сүресін оқи бастады. Мен өз-өзіме: «Ол (осы сүренің) жүз аятын оқып рукухқа барады», - дедім, бірақ ол одан кейін де оқуын жалғастыра берді. Сонда мен өзіме: «Ол (сүрені) (намаздың бірінші рәкәғатында) толығымен оқып шығады», - дедім. Сосын мен өзіме: «Оны оқып бітірісімен рукух жасайды», - деп тұрғанымда, сосын «Аль-Имран» сүресін оқуға кірісті де, оны да толығымен әр әріпін шығарып, мәнерлеп оқып бітірді. Сол кезде Ол аяттың ішінде Алланы мақтау туралы сөздерді оқығанда, ол Алланы мақтады, ол аяттың ішінде Аллаға дұға жасау туралы аятты оқығанда, дұға жасады, ал Алладан пана сұрау жайлы аятты оқығанда, ол Алладан пана сұрады. Содан соң ол «Ниса» сүресін бастап, оны толығымен оқып шықты. осыдан кейін ғана Ол иіліп рукухқа кетті. Сол кезде: «Менің Ұлы Раббым кемшілік атаулыдан пәк!» - деп айта бастады да, оның рукухы қиям кезінде қанша тұрса сонша уақытты алды. Сонда ол: «Алла Тағала Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естиді. Раббым саған мақтау!» - деп бойын түзеді де, осы күйде рукухта қанша болса, соншама уақыт аралығында тұрды. Ал сосын ол: «Аса Жоғары Раббым пәк!» - деп сәждеге жығылды да, сол қалпында, тік тұрған кезінде қаншама уақыт өткізсе, соншама уақыт болды» (Муслим). Бұл хадистен нәпіл намазды жай оқып қана қоймай, оған аса көңіл бөлу қажеттігін көреміз. Бар ықыласпен, Алланың алдында тұрғанын сезініп оқу, пенде үшін үлкен жауапкершілікті талап етеді. сонымен қатар, қосымша сүрелерді оқуда да өзіндік ерекшеліктері көрінеді бұл хадистен. Пайғамбарымыз ﷺ намаз барысында қысқа сүрелерді емес, керісінше ұзақ сүрелерді оқыған. Бұл нәпсіге өте ауыр тиеді. Осы тұста нәпсіні жеңіп, құлшылықты арттыру Алла алдында пенденің дәрежесін арттырса керек. Тағы бір дереккөзде Ибн Масъудтың (р.а.) былай дегені келтіріледі: «Бірде мен Алла Елшісімен , түнде бірге нәпіл намазын оқығанымда, оның көп тұрғаны соншалық, мен бір жағымсыз іс жасай жаздадым». Адамдар одан: «ол жасай жаздаған ісің не?»,-деп  сұрады. Оларға ол: «Менің оны қалдырып отыра кеткім келді»,-деп жауап берді (Бухари, Муслим).

Бұл хадистер түнгі ұйқымызды бөліп, намазға ден қойып, Аллаға құлышылығымызды арттыра түсейік деген ниетте келтіріліп отыр. Жүрегінде иманы бар әрбір мұсылман Аллаға құлшылығын ешуақытта тоқтатпайды. Мешітке барып, діни сауат ашып, иманды берік ету тура жолдың бастауы. Намаз оқып, ораза ұстап, садақа беру – иманның шарықтағаны. Бес уақыт намазды уақытылы орындауға ерінбей, керісінше мол сауап тілеп, нәпіл намаз оқып, иманын арттыруға талпынып жүрген әрбір пенде осы амалдарымен жұмаққа кіретініне сенеді. Олар Аллаға серік қоспай өліп кетсе, солай болады да! Иманның шынайы көрінісі парыз амалдар мен қатар нәпіл намаздар оқып, игі істерді атқаруынан көрініс табады. 

 

Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы

Теміртау қалалық орталық мешітінің бас имамы

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары