Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ал, сен «сәлемді» қалай бересің?!
25 ақпан, 2021 жыл 3272 Басып шығару нұсқасы

Сəлемдесу – батыс елдерінде көбінесе «Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы кеш! Қайырлы түн!» болып келеді. Француздар сəнді қалпақтарын көтере бас изесіп, немістер оң қолын көңілдене көтеріп есендік ілтипатын білдіреді. Шығыс елдерінде сəлемдесудің түрі тіпті көп, қызығы өз алдына. Мəселен, көне қытайдың халқы бір-бірімен амандасқанда «Чылым-ю?» дейтін болған, онысы – «Тамақ іштің бе?» дегені. Сірə, ашаршылық жанына батқан бұқара халық «қарын тоқ болса, амандық сол» деп ұғынса керек. Алда-жалда жапон фирмасына жұмысқа тұра қалсаңыз, сізге алдымен бір ай бойы кіммен қалай амандасу керектігін үйретеді екен. Деңгейі өзіңізбен шамалас адамның қасында бірдей ғана бас иесіз, дəрежесі өзіңізден жоғары Че-ның яғни фирма директорының алдында барынша бүгіліп, иіліп сəлем беруге тура келеді. Тіпті кейде үлкен басшының алдында жерге жығылып, маңдайды жерге тигізетін жайттар əлі де бар. Төс

қағысып, құшақтасу, бір тізерлеп отыра қалып, қолын кеудесіне қою, маңдайдан иіскеу, қолынан сүю, бетке-бетті тигізу де осы шығыс халықтарына тəн амандасудың дəстүрлері. Ал жалпы сəлемдесудің қоғамдық өмірімізде алатын орны қандай дегенге келейікші. Баянауыл өңірінен шыққан, артына 30 томдық мол мұра қалдырған үлкен Ислам ғұламасы Мəшһүр Жүсіп: «Біздерге сəлем беру болды – сүннет, Пайғамбар сүннетін тұт, болсаң үмбет» – деп, сəлемдесудің ең əуелі Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) істеген істерін өнеге тұтатын, ізінен ерген иісі мұсылман баласының барлығына тəн сауапты іс екенін жұп-жұмыр екі-ақ жол өлеңмен бедерлеп берген. Қасиетті Құранды ашсақ, бұл жайында мынадай əдемі аятқа көзіміз түседі: ر دُوﻫ ﺎَ أ وَ ْ ﻣ ﻨِ ﻬْ ﺎَ ﺑ ﺄِ ﺣَ ﺴْ ﻦَ َ ﻓ ﺤَ ﯿَ ﱡﻮا ْ ﺑ ﺘِ ﺤَ ﯿِ ﱠﺔ ٍ ﺣ ﯿُ ﱢﯿ ﺘْ ﻢُ و إَ ذِ اَ «Егер сіздерге біреу амандасса, сəлемін одан да асыра не дəл солай қабыл алыңыздар!»[1]. Өйткені сəлемдесу, амандық-саулық сұрасу – адамдардың бір-бірімен тез тіл табысуына, əңгімелесуіне, араласуына, өзара сыйластық, татулық, бауырмашылдық, жолдастық, достық құруына жол ашатын кілт. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Сендер толық иман келтірмейінше, жəннатқа кіре алмайсыңдар. Ал өзара сүйіспеншілікте болмайынша, толық иманға келмейсіңдер. Өзара сүйіспеншіліктеріңді арттыруға септігі тиетін нəрсені айтайын ба? Өзара сəлемдесіңдер, араларыңда сəлемдесуді жайыңдар!»[2] – дейді. Бұны естіген сахабалар үнемі бірін-бірі көрген жерде ыстық ықыласпен сəлемдесу арқылы араларындағы сүйіспеншілікті, құрметті нығайтуға ұмтылған. Тіпті мынадай қызықты əрі өнегелі жайттар да кездескен. Бірде Тұфайл ибн Əбу ибн Кағыб (р.а.) өзімен бірге базарға барғысы келген Абдуллаһ ибн Омарға (р.а.): – Сіз базарға не үшін бармақсыз? Бір нəрсе сатып алатын не бір нəрсе сатайын деген түріңіз байқалмайды. Одан да келіңіз мына бір жерге отырып, біраз əңгіме-дүкен құрайық, – дейді. Сонда Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) оған: – Біз кейде үйден тек сəлемдесу үшін шығамыз. Кездескен кісілермен амандасып, есенсаулықтарын сұрасып қайтсақ болғаны, – деп жауап берген екен[3]. Əнас ибн Мəліктің (р.а.) айтуынша, тағы бірде мынадай оқиға болады: Бір күні Омар ибн Хаттабқа (р.а.) біреу келіп сəлем береді. Ол сəлемін алып тұрып, «Қалың жақсы ма?» – деп əлгінің қал-жағдайын тəптіштей сұрады. Ол Құдайға шүкіршілік айта жауап қатты. Сонда хазірет Омар: «Менің сенен естігім келгені осы еді», – деп, қай кезде де ең əуелгі сөздің Аллаһ тағаланы еске алып, іле бас амандығы үшін шүкіршілік айту болғаны дұрыс екенін ұқтырды. Сəлемдесу əуелі адамды кішіпейілділікке тəрбиелейді. Хадисте: «Көлікте отырған адам – жаяуға, жаяу адам – отырғанға, аз адамдар – көпшілікке, жасы кіші – жасы үлкенге сəлем берсін»[4], – дегені де тегін емес. Неге десеңіз, көліктен түсіп барып жаяу адамға амандасу, өзіңді жаяудың қасында артық сезінбе, алдымен кішіпейілділікті сен таныт, оның көңіліне қаяу келмесін дегені. «Екі мұсылман кездескенде бір-бірінің қолын алып, қал-жағдай сұрасса, Аллаһ тағала сол мезет оларға жүз рақымын төгеді. Соның тоқсаны сол екеудің бірінші болып сəлемдесіп, ақжарқын қуаныш сыйлағанына бұйырады»[5]; «Екі мұсылман баласы кездескенде, олар бірбірімен амандасып, қол алысқанда, Аллаһ тағала олардың осы сəт бір-біріне тілеген тілекдұғаларын қабыл алады. Қолдары ажырамай жатып, күнəларын кешіреді»[6], – деген хадистер

адамды жылы жүзділікке, кішіпейілділікке тəрбиелеп қана қоймай, сəлемдескен кезде, адамның күнəлардан арылатындығын, сауапқа кенелетіндігін хабардар етуде. Сəлем беру – адамға жақсылық, есендік, саулық тілеу дегенді білдіреді. Жүсіп Баласағұн бабамыз өз өлеңінде: «Сəлем – жолы есендіктің адамға, Сəлем бердің – саулық бердің аларға; Игі тілек, танытқанға мейірім – Аллаһ сыйлар деннің саулық, хайырын», – дейді. «Ислам» дегеннің өзі сол есендік, татулық, бейбітшілікті бүтіндеуден туады. «Ассалаумағалайкүм» деген сөз «Сізге есен-саулық, тыныштық тілеймін!» дегенді білдіреді. Ал «Уағалайкүм ассалам» болса, «Маған тілеген есен-саулық, жақсылықты сізге де тілеймін!» дегендік. Кейде сəлемді артығымен қабыл алу мақсатында «Ассалаумағалайкүм уə рахматуллаһи» (Сізге Құдайдың тыныштығы, есен-саулығымен қатар рақымын да тілеймін) деп, оған «Уа алайкумассалам уа рахматуллаһи уə баракатуһу» (Сізге Құдайдың тыныштығын, рақымын, оған қоса берекетін де тілеймін) деп те жауап беріліп жатады. Сəлем беру – сүннет болса, сəлем алу – парыз. Мұқағали ақынның: «Бағамын деп əркімнің қас-қабағын, Балам қабақ шытса да жасқанамын. Сəлемімді біреулер алмай кетсе, Екі иығым салбырап, пəс қаламын» деп күйінгеніндей, өкінішке орай, сəлемге салқын қарайтындар да кездесіп жатады. Бірақ ондайларға бола іштей ренжіп, сəлемдесуден суып қалудың реті жоқ. Өйткені «Сəлəм» – Аллаһ тағаланың көркем есімдерінің бірі. Сондықтан сəлем беруші артық сауапқа ие болады. Хадисте егер берген сəлеміңді қарсы жақ алмаса, əрбір сенің сəлеміңді одан гөрі жақсырақ, абзалырақ періштелердің алатындығы айтылған[7]. Мұсылманшылықты болмысына сіңіре білген қазақ халқы сəлемдесуге үлкен мəн берген. «Əдептен құр қалмассың, Үлкенге сəлем бергенің» деп Ақтан Керейұлы (ХІХ–ХХ ғ.ғ). айтқандай, сəлем беруді мəні терең əдептілікке балаған. Амандасқанда алыс-жақынды түгел түгендеп шұрқыраса амандасқан. Берген сəлеміне қарап-ақ адамның қандай адам екенін таныған. Тіпті келіннің үлкендерге иіліп сəлем салып тұруы секілді оның жасқа, шамаға, жынысына қарай реттілігін де дəстүрге тамаша енгізе білген. Сөз қадірін биік қойған қазақ тіпті «Сəлем – сөздің анасы» деп баға берген. Оны əйгілі Бұқар жыраудың мына бір өлеңінен жақсы байқауға болады: Əй, айташы, айтсаң айт! ...Құдіретімен жаратқан, Он сегіз мың ғаламды айт. Ақтан сия танытқан Дəуіт пенен қаламды айт. Сөйлеу үшін жаратқан Сөз анасы – сəлемді айт!

 Аузыңдағы сөзің қандай?!

Қазақ – о бастан сөз құдіретін жете түсіне білген, сөзге қатты мəн берген халық. Ел ішінде ауыз əдебиетінің, айтыс, терме, жыр, дастан, шешендік өнердің биік дəрежеде дамығаны – осының айғағы. От тілді, орақ ауызды сөз дүлдүлдеріне жұрт қай кезде де зор құрметпен қараған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін сөзге қатысты мақалмəтелдер жетерлік: «Сүйкімді сөз сүйек балқытар»; «Жақсы – байқап сөйлер, жаман – шайқап сөйлер»; «Тілден бал да тамады, зəр де тамады»; «Оттың шаласынан сөздің шаласы жаман»; «Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады»; «Ұялмас бетке талмас жақ бітеді»; «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Көз жетпеген жерге сөз жетеді» т.б. Рас, жас кезінен дұрыс, əсем сөйлеуге дағдылану – адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі. Мұсылман жұртшылығы бұған үлкен жауапкершілікпен қараған. Өйткені қасиетті Құранда бұл турасында ﺗ ﻔَ ﻌْ ﻠَ ﻮن ُ َ ﻣ ﺎَ ﯾ ﻌَ ﻠْ ﻤَ ﻮن ُ َ ﻛ ﺎﺗ َ ﺒِ ﯿﻦ ِ َ ﻛ ﺮِ اﻣﺎ َ ً ﻟ ﺤَ ﺎﻓ َ ﻈِ ﯿﻦ ِ َ ﻋ ﻠَ ﯿَ ﻜْ ﻢُ ْ و إَ نِ ﱠ «Расында да сіздерді қорғаушылар бар. Мəртебелі жазушылар. Не істегендеріңізді бүкпесіз біліп тұрады»[30], – деп, əр адамда аузынан шыққан сөзді жазып алып тұратын екі періште болатындығын ескертуде. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) өміріне көз салсақ, сөз сөйлеуге аса бір байыппен қарағанын көреміз. Айша анамыздың айтуынша, Пайғамбарымыз сөз сөйлегенде асықпай-аптықпай баппен сөйлеген. Қажет кезінде ұғынықты болу үшін айтқан сөзін бірнеше рет қайталаудан жалықпаған[31]. Сөздері мірдің оғындай өткір əрі даналыққа толы болғандықтан, естіген жанға қатты əсер еткен. Бір тыңдаған жан тағы да тыңдауға құмартқан. Тілі таза əрі шұрайлы, барынша ұғынықты болған. Бұны өз сөзінде: «Арабтардың ішіндегі ең таза, шешен сөйлейтіні менмін», – деп білдірген, «Өйткені

Аллаһ тағала маған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білетін ерекше қасиет дарытқан», – деп түсіндіретін[32]. Дауысы зор, жағымды əуезбен сөйлегенде, ел оның əңгімесін тыңдауды бір ғанибет көретін. Аузынан ешқашан жаман сөз шықпаған. Жаймашуақ не ашулы кезінде де сөздің əділін ғана айтатын. Айтқан сөзінің артығы не кемі болмайтын. Өте анық айтатындықтан, əрі арасында сəл кідіретіндіктен, тыңдап отырған кісілер сөздерін тез жаттап алатын. Жөн-жосықсыз сөйлейтіндерді жақтырмайтын, өзіне ұнамсыз бір жайтты жанындағыларға сездіргісі келгенде, оны астарлап жеткізетін. Өзі тоқтағанда барып қасындағылар кезекпен сөз алатын. Үнемі сахабаларына күлімсіреп қарайтын, арасында олардың да сөйлегенін ұнатып, мұқият құлақ салатын. Өзін солардың қатарында санайтын. Пайғамбарымыздың сөз сөйлеген кезін сахабалар: «Біз Пайғамбарымыз сөйлей бастағанда басымызда құс қонақтап отырғандай, соны ұшырып алмайық дегендей аса бір сақтықпен құлақ салып тыңдайтынбыз», – деп еске алады[33]. Пайғамбарымыз мұсылман адамның не нəрсеге қараса да ғибратпен қарағанын, үндемеген кездерінде Жаратқанды ойлап терең ойға берілуін, ал сөйлеген кезінде мəнді-мағыналы сөз айтуын қалаған. Өсек, өтірік, шағыстыру, ғайбат секілді көп күнəнің тілде жатқанын ұқтырып: «Адам баласы көп күнəні тілінен табады», – деп ескерткен. Айша анамыз бір əйелдің бойының қысқалығын айтып қалғанында: «Қой, ғайбат айтпа. Əлгі сөзіңді теңізге тастаса, тұтас былғап жібергендей екен», – деп сол мезет тыйған болатын[34]. Əркез мұсылман адамның тілге өте абай болу керектігін сездіріп: «Шын мұсылман – тілі мен қолынан ешкімге зияны тимейтін адам», – дейтін[35]. Бос сөз, құрғақ əңгімемен уақыт өткізуді ұнатпай: «Мұсылман адамның Исламнан алған ең ізгі қасиеттерінің бірі – бос сөзден арылуы» , «Кімде - кім Аллаһқа, сондай-ақ ақырет күнінің растығына сендім десе, сөйлегенде мəнді нəрсе айтсын, əйтпесе үндемесін», – дейтін[36]. Өзі сөйлеуге қажеттілік тумаса, жай кезде үндемегенді жөн көретін: «Үндемеуде үлкен даналық бар, əттең, оның байыбына баратындар бірақ өте аз», – деп қынжылатын[37]. Үш кісі отырғанда, екі кісінің өзара күбірлесіп сөйлескенін дұрыс көрмейтін. Өйткені бұл үшінші кісінің көңіліне келуі мүмкін деп түсіндіретін[38]. «Сиырдың шөп күйсегеніндей етіп, көбікезуліктеніп сөйлейтіндерді Аллаһ тағала ұнатпайды», – деп мейлінше ұғынықты əрі анық сөйлеуге шақыратын[39]. Қандайда бір көпшіліктің арасында сөз сөйлеудің жолы əуелі жасы үлкен кісіге тəн екендігін білдіретін. Бірде көпшіліктен сұралған оқиғаны сол жердегі жасы ең кіші Абдуррахман ибн Сəхл бірінші болып айтуға оқталғанда: «Сөзді жасы үлкенге бере ғой»[40], – деп еді. «Өзіне (тікелей) қатысы жоқ нəрселерге көңіл бөлмеуі – кісінің жақсы мұсылмандығын байқатады»[41], – деп, өзіне қатысты емес əңгімені тыңдауға құмартпауға баулитын. Насихат сұрап келген адамға: «Ертең жерге қаратып, кешірім сұрауға мəжбүр ететін сөзді айтпа»[42], – деп, жан-жақты ойланып барып сөйлеу керектігін меңзеген. Сахабалардан Осман ибн Мазун қайтыс болғанда, əйелінің «Жаннатың құтты болсын, Османым» дегенін құлағы шалып қалғанда, «Мен пайғамбар бола тұра, ақыреттегі өз жағдайымды біле алмаймын. Сіз қалай білесіз?!»[43] – деп, ойланбай сөйлей салуға болмайтындығын сездіріп еді. «Кім маған екі ұрты мен екі санының арасындағы мүшелеріне ие бола алатындығына кепілдік берсе, мен де оның Жаннатқа баратынына кепілдік беремін»[44], – дегенде де адамды байқамастан ең көп күнəға итермелейтін қылық зинақорлық пен тілден келетін кесел екеніне көңіл аудартқан. Естір құлаққа жағымды сөз айтудың садақаға, сауапты амалға жататындығын жиі айтатын [45]. Сүлеймен пайғамбар бірде «Құдай қаласа» деп айтпағандықтан бір ісі орындалмаған екен[46]. Осыны əңгімелеп əрі Құранның

ً ﻏ ﺪا َ ذ ﻟَ ﻚِ َ ﻓ ﺎﻋَ ﻞِ ٌ إ ﻧِ ﻟ ﱢﻲ ﺸِ ﻲَ ءْ ٍ ﺗ ﻘَ ﻮﻟ ُ ﻦَ و ﱠ ﻻَ َ «Мен мына істі ертең істеймін демеңдер, «Құдай қаласа» деп қана айтыңдар»[47] деген аятын түсіндіріп, сөз сөйлегенде, мұсылмандық əдеппен «Құдай бұйыртса» деп айтуға дағдыландыратын. Өйткені Аллаһ қаламайынша, ешбір істің орындалмайтындығын түсіндіретін. Пайғамбарымыз сөз сөйлеуге осыншалықты жауаптылықпен қарағандықтан, сахабалар да бұған қатты көңіл бөлетін болды. Тіпті керек кезде ғана сөйлеуге дағдылану үшін жай уақытта аузына тас салып алатындары да кездесті. Сөз сөйлеудің үлкен нығмет екенін, аузынан шыққан əр сөзге ертең о дүниеде есепке тартылатындығын білгендіктен бос сөз, бөстекі əңгімелерге салынбауға тырысты. Осы ұстаным келе-келе Əбу Бəкір (р.а.) сынды тақуалықта заңғар тұлғалардың «Аллаһ разылығы үшін айтылмаған сөзде қайыр жоқ, Аллаһ разылығы үшін жұмсалмаған байлықта қайыр жоқ» деп ой қорытуына себеп болды. Али (р.а.): «Жүрек таза болғанда ғана тілден оңды сөз шығады», – деп, сөздегі дұрыстық – жүректегі иманға, тілдегі зікір – ойдағы пікірге байланысты екенін меңзеген. Кісі жайшылықта нені көп ойласа, айтатыны да сол болатындығын тұспалдап, ойды таза ұстау қажеттігін тілге тиек еткен. Құдайға ғашық боп өткен сопылардың да бір ұстанымы «Не Аллаһ туралы айт, не Аллаһтың бізге айтқанын айт» болғаны тегін емес. Бұл ұстаным Пайғамбарымыздың «Аллаһты еске салмайтын сөздерге көп үйір болмаңдар. Зікірден тыс сөздер жүректі қатайтады. Аллаһтан ең алыс адамдар – жүрегі қатты адамдар екені даусыз»[48] деген хадисінен туындағаны анық. Сөз сөйлей білудің мəдениеті кең. Айталық, басқаларды тыңдай білу де өнер. Өйткені «сөздің жартысы – айтушынікі болса, жартысы – тыңдаушынікі» деген бар. Сол саланың маманы болса бір сəрі, кей кісілердің тек мен ғана сөйлейін дегендей омыраулап оңайлықпен сөз бермеуі білгішсінгендей жағымсыз əсер қалдырады. Ондай адамның сөз алғанын ел ендігəрі қаламасы анық. Əбу Бəкір (р.а.) бұл жайында: «Сені тоқтатқанша сөйлегеніңнен гөрі – сені сөйлеткенше үндемей отыруың əлдеқайда артық», – деген екен. Бұған қоса, өзіне қызық болғанмен өзгелерге қызықсыз тақырыпты сөз етіп отырып алу да отырған жұртты мезі етеді, əрі сөйлеушінің мəдениетінің төмендігін аңғартады. Сол себепті баршаға ортақ тақырып таңдай білген дұрыс. Отырғандардың деңгейімен санасу, бəріне түсінікті тілмен жеткізе білу де өте маңызды. Ғалым кісімен əңгімелесу сауаты жоқ адаммен əңгімелескендей болмасы анық. Сөз арасында түсініксіз ұғымдардың көбейе беруі тыңдаушыны тез жалықтыратынын есте ұстау керек. Бұған қоса, жүрекпен айтылған сөздің ғана жүректерге жететінін қаперге алған абзал. Кейбіреулердің бір сарынды, тым селқос баяндаған əңгімесі қанша мағыналы болса да, бояуы сұрықсызданып, көңілді бір серпілтіп тастауы екіталай. Көп сөйлеу емес, дөп сөйлеу ғана ақылдылыққа жатады. Қысқа қайырып, тоқетерін ғана айтатын жерде кей кісілердің орынсыз көсіліп, сөзді сағызша созуы, тыңдарманның құлағын жауыр ететінін есте ұстаған жөн. Тыңдарманға пайдасы тиетін, ойлы көңілден туған сөз болса ғана айтуға дағдыланған дұрыс. Кей кісілердің мəн-мағынасы жоқ, пəтуасыз сөзге салынуы тыңдармандардың алтын уақытын текке кетіреді. Сөз тыңдауға бөлген уақытына тыңдармандар өкінбеуі тиіс. Ондайда көпшілікте «Қап, осы уақытымды одан да басқа бір пайдалы іске жұмсасамшы» деген өкініш туып, санын соғып қалуы бек мүмкін. Сол себепті біреудің уақытын алудың да сұрауы барын ұмытпаған жөн. Өнегелі, мазмұнды сөз айту турасында Жетес бидің айтқаны бар: Адамның сəні – өнер, білім, ақылы, Жердің сəні – жеміс, өнім, дақылы,

Сөздің сəні – өнегелі нақылы. Пікірдің сəні – ойландырар мақұлы! Сөз арасында «əлгі», «жаңағы», «бағанағы», «сосын», «яғни» деген секілді бір сөзді үздіксіз қайталай беру де сөйлеушінің кемшілігіне жатады. Сондай-ақ сөз арасын бөтен сөзбен былғап, тілді шұбарламай, шұрайлы тіркестер қолдана білу кісінің ділмарлығын көрсетеді. Тыныстауға демі жетпей қалатын науқас секілді ойын айтуға əлсін-əлсін тілі жетпей қалатын сөзге шорқақ адамды тыңдау мен сөзге бай, тілге шешен, ойы жүйрік адамды тыңдау бірдей əсерге бөлемейтіні анық. Сөз маржанын тере білген ақын ағамыз Мұқағали бір өлеңінде: Тіл өнерін, сиқырлы сөз өнерін, Оңбайсың сөз өнерін тежегенің! Тілден алмас жоғалса, сөзден қанжар, Бұл тірліктен бір күнде безер едім... – деп, тіл қасиетін дұрыс парықтай алмай, сөз нарқының мəнін қашыратындарға қатты қынжылатындығын ұқтырған. Кереңге айтып тұрғандай қатты дауыстап не мылқауға айтып тұрғандай тым сыбырлап сөйлеу де кісіге жараспайды. Сондай-ақ тыңдарманның сөз тыңдауға қаншалықты құлықтылығын сезе білу де аса қажет. Неге десеңіз, құлықсыз я сөз түсінбейтін адамға əңгіме айту далаға айтылған сөзбен тең. Қанша ақылды сөз болғанмен, ол оның қадірін ұқпайды. Бұл туралы айтқан Абай атамыздың сөзі қандай мағыналы: Уəзінге өлшеп тізілген. Қайран тіл, қайран сөз, Наданға қадірсіз... Сөз сөйлеу əдебіне бұдан басқа əдепті істер: үлкен кісінің сөзін бөлмеу, екі адам арасында əңгіме тасып, бірді-бірге шағыстырмау, сыр сақтай білу, əуелі амандаспай тұрып сөз бастамау, дөрекі сөйлемеу, тілді балағат сөздерге үйретпеу, ешкімнің көңіліне жара салмау, сыпайы сөйлеу, өзің жақсы білмейтін жайтты сөз етпеу, айтқан уəдеңде тұру, өтіріктен аулақ болу т.б. жатады. Қорыта келгенде, адамдық қасиеттерді кемелдендіре түсуде дұрыс сөйлей білуге көңіл бөлудің орны ерекше. Өйткені ол – адамның ішкі жан дүниесінің айнасы. Жүрек тазалығы мен ой тұнықтығының, мəдениеттілік пен кісіліктің белгісі, арабтарша айтқанда «ақылдың таразысы». Атам қазақ: «Кісіні аузындағы сөзінен таны», – деп бекер айтпаса керек.

"Ислам және өнеге" 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары